Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нағима Сайтжанқызы Сулайманова: Полигон

Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Менің төмендегі сұрақтарымды тиісті мамандарға жолдап, жауаптарын сайтқа жариялауды сұраймын. Өйткені бұл сұраққа жауап іздеушілер көп деп ойлаймын. Барлығы осы сайттан көрер еді. 1. 1959 жылы жылы Баянауылда туып, 1977 жылға дейін сонда тұрған азамат зейнетке шыққанда оған полигон аймағында тұрғаны үшін жеңілдіктер санала ма? Қалған уақытта Екібастұз қаласында еңбек етіп келеді. 2. 1976 жылы туып, 1991 жылға дейін Баянауылда тұрған адамға ше? Ол да Екібастұзда тұрады, өмір бойы осында еңбектеніп келеді. Яғни, екі жағдай бірдей. 3. Таяуда ватсап арқылы "Полигон аймағында тұрып, бір реттік төлем алмағандар құжаттарын тапсырсын" деген мазмұнда хабарлама тарады. Осыны толық түсіндірсеңіздер екен. Бір реттік төлем алған-алмағанымызды жылдам анықтаудың жолы бар ма банктерге барып сарсаңға түспей-ақ? Және алмаған күнде, бір реттік төлемнің көлемі қандай, яғни, неше теңге? Оны қалай алуға болады?

Құрметті Нағима Сайтжанқызы! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мәселесі жөнінде, Сіздің өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабы, 2-тармағына сәйкес, Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз – 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтар ерлердің – 50 жасқа толғанда, әйелдердің – 45 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындаудың 13-бабы, 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, сол сияқты еңбек өтілін есептеу Семей ядролық сынақ полигонына іргелес жатқан аудандарда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шiлде аралығы кезеңіндегі жұмыс және әскери қызмет – үш есе мөлшерде, ал 1963 жылғы 6 шiлде мен 1992 жылғы 1 қаңтар аралығындағы жұмыс және әскери қызмет – бiр жарым есе мөлшерде есептеледі.

Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, Баянауыл ауданы жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумаққа жатады, осыған орай Баянауыл ауданында тұратындар жеңілдікпен жасына байланысты зейнетке шығу үшін құқықтары жоқ.

Біржолғы өтемақы тағайындау үшін, Сізге құрметті Нағима Сайтжанқызы, тиісті құжаттардың тізбесімен (жеке басын куәландыратын құжат, полигон аймағында тұру дерегін растайтын құжаттар (мұрағат анықтамасы, еңбек кітапшасы және басқалар), мекенжай анықтамасы, тегіңіз ауысқан жағдайда – неке қию туралы куәлік, екінші деңгейдегі банкте жәрдемақы үшін арнайы шоттың ашылуы туралы хабарлама) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға куәлік беру жөніндегі арнаулы комиссия қарауына жүгінуге кеңес береміз, мекенжайы: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, 106 кабинет, тел. 347281

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.