Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жаңа функционал АХАЖ бөлімдерімен өз-ара әрекеттесу жұмысын жеңілдетеді

Екібастұз қалалық сотында « Төрелік» АЖ ашылған жаңа функционал «АХАЖ АЖ» қызметі бойынша сот мамандарымен оқыту семинары ұйымдастырылды. Баяндамамен шығыс хат-хабарды жолдауға жауапты бас маман Е. Коновалова сөз сөйледі. Баяндамашы сөз сөйлеуінде  жаңашылдық ретінде АХАЖ бөлімдерімен байланыс үшін «АХАЖ АЖ»  реквизиті істердің карточкасында ашылғанын айтып өтті.Сот істерді қарауда қажетті  туу туралы әкелікті (аналықты) анықтау, некені бұзу туралы актілі жазулар жөнінде анықтамаға электронды нұсқада сұраныс жасап, шұғыл алуға мүмкіндік жасалғанын іс жүзінде көрсетті.

Сонымен қатар кейбір санаттағы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін осы фунционал  арқылы жолдауға болатынынын да  айтты.  Бұл әрине  АХАЖ бөлімдерімен өз-ара әрекеттесу жұмысын жеңілдетіп, сот ісін уақытында, жедел түрде қарауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына ықпалын тигізетіні анық.

 Семинарда жұмыс барысында туындайтын мәселелерде талқыланды.

 

Екібастұз қалалық сотының

баспасөз қызметі