Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Академик Әлкей Марғұлан атындағы селосы әкімінің «Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селосының көшелерін қайта атау туралы» шешімінің жобасы

Жоба

  

Шешім

  

 

Екібастұз қаласы

академик Әлкей Марғұлан

атындағы селосының көшелерін

қайта атау туралы  

 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2–тармағына сәйкес, академик Әлкей Марғұлан атындағы селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, академик Әлкей Марғұлан атындағы селосы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селосының келесі көшелері:

«50 лет Октября» көшесі «Бейбітшілік» көшесі болып;

«Бебеля» көшесі «Береке» көшесі болып қайта аталсын.

2.  Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Академик Әлкей Марғұлан

 атындағы селосы әкімінің

       міндетін атқарушы                                               М. Какожанов 

ОтменитьДобавить комментарий