Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тезисы выступления акима города Экибастуза Нукенова К.Т. перед населением по итогам 2017 года

Біздің 2017 жылғы жұмысымыз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген тапсырмаларды орындауға бағытталды.

Біз еліміздегі тарихи оқиғалардың куәсі болдық.

Олар:

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі, оған төрт миллионға жуық адам қатысты, оның миллионнан астамы әлемнің 180 елінен келген шетелдіктер.   

Екі мыңнан аса спортшы мен 57 мемлекеттің делегация мүшесі қатысқан Универсиада-2017. 

2017 жылдың басынан Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшесі болды.    

Біз Мемлекет басшысымен қойылған - Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатына қарай жүрудеміз.     

Екібастұз өңірінің 2017 жыл ішіндегі әлеуметтік - экономикалық дамуындағы негізгі көрсеткіштер туралы.

Әлеуметтік – экономикалық дамудың барлық кілтті индикаторлары бойынша оң қарқын байқалады.  

Өткен жылдың қорытындысына қарағанда өндірілген өнеркәсіптік өнім көлемі 522 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 47,2% артты.

Бұл ретте, НКИ 150,2 % құрады.

Көмір кеніштерімен 62 млн. тонна көмір өндіріліп (2016 жылы – 56,5 млн. тонна көмір), былтырғы жылмен салыстырғанда өнім 5,5 млн. тоннаға артқан.

Қаланың электр стансаларымен сағатына 20 млрд. кВт электр энергиясы өндірілді.

Нәтижесінде, орындалған жылдық жоспар өткен жылғы көрсеткіштен 1,4 есеге өскен (2016 жылы – сағатына 14,1 млрд.Квт).

        Бір жұмыскердің орташа жалақысы 11,4% артты.

        Барлық деңгейдегі бюджетке 61,4 млрд. теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті. 

Қалалық бюджетке түскен салық көлемі 20,9 млрд. теңгені құрады, яғни 2016 жылғыдан 5,6 % -ға өскен.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 % (20,3 млрд.теңге) орындалды.

Қаланың экономикалық дамуында «Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық жобаларды іске асыру маңызды орын алып отыр.

2017 жылы «Greenhouse KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызанақ өсіретін жылыжай кешенін пайдалануға енгізді. Қуаттылығы жылына 3600 тоннаны құрайды. 70 жұмыс орны құрылды.     

Ағымды жылы 13 желтоқсанда Павлодар облысы әкімінің қатысуымен «Alef Trade» ЖШС қаржы көлемі 1, 772 млн. теңге болатын қысқы дизель отынының зауытын ашты. 28 жұмыс орны құрылды.

МАЭС-2-де құрғақ күлді іріктеу цехы іске қосылды.

«Проммашкомлект» ЖШС-мен теміржол саласы үшін инвестиция көлемі 53 млрд. теңге болатын цехтың құрылысы аяқталуда.

Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Проммашкомлект» ЖШС-ге мемлекет есебінен 590,0 млн. теңге сомаға ИКИ өткізу туралы шешім қабылданды.  

 

Шағын және орта бизнес саласы тұрақты дамуда және келесідей көрсеткіштермен сипатталады.

        Есепті жыл қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі өңірде 52,0 млрд. теңгені және НКИ   2016 жылға қарағанда 117 % құрады.

Осы көрсеткішке кәсіпкерлердің қаламызда жалпы алаңы 14 мың кв. метрден асатын төрт ірі сауда орталығының құрылысын салуы оң әсер етті.   

 

Анықтамалық:

«ЭМИРЭЙТ CROUP» гипермаркеті

Сауда, мәдени-тұрмыстық объектілері мен қоғамдық тамақтану кешені бар «Бахетле» қонақ үйі кешені

«Сириус» сауда орталығы

 «Топаз» жиһаз салоны.

Шідерті кентіндегі жол бойында кемпинг сервисі ашылды («Ақжол» ЖШС), ол жерде қонақ үйі, асхана, техникалық қызмет көрсету стансасы мен автожанар май құю стансасы бар.

Екінші деңгейдегі банктердегі несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға мемлекет жалпы құны 6,3 млрд. теңге болатын 56 бизнес жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен  1,8 млрд. теңге жұмсады.

 

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында бизнесті дамыту үшін (1 жүк тасымалына, 13 – мал шаруашылығын дамытуға)  жалпы 75,5 млн. теңге сомаға 14 шағын несие берілді.

 

Екібастұздың экономикалық дамуының басым бағыты – ауыл шаруашылығы саласы.

Мал және өсімдік шаруашылығын дамыту ауылдық аймақ тұрғындары қызметінің негізгі түрі болып табылады.

Ауыл шаруашылық саласында 10 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 238 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Өткен жылы Қоянды және Әлкей Марғұлан ауылдарында екі өндірістік кооператив ашылды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі  2016 жылмен салыстырғанда 21,7 %-ға ұлғайды және 9,4 млрд. теңгені құрады.

Шаруа қожалықтары 350 млн. теңге көлемінде субсидия алды, ол 2016 жылмен салыстырғанда 12,3 %-ға артық.

2017 жылы 13 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Шаруа қожалықтары өз қаражаты есебінен  жалпы  157,0 млн. теңге сомаға 456 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алды.

Жұмсалған қаражаттың бөлігін мемлекет субсидия түрінде қайтарады.

 

2017 жылы «Сыбаға», «Құлан» бағдарламалары бойынша 80 бас аналық ірі қара мал, 130 жылқы сатып алынды.  

        Ақкөл округінде «Табыс» шаруа қожалығымен меншікті қаражаты есебінен 100 бас жылқы  жемдеу алаңы құрылды.

Егіс алқабы 12,2 %-ға ұлғайтылды және 18,9 мың га аса жерді құрады.

Бизнесті дамыту бағдарламасы шеңберінде  «Рамазанов» шаруа қожалығының суармалы жеріне 37 млн. теңге сомаға инженерлік коммуникация өткізілді.

        Мал шаруашылығы саласында 2016 жылға қарағанда жылқы саны өскен, яғни 16,5 мың басты құрады.

        Малды қыстан аман шығару үшін 71,2 мың тонна азық  немесе жоспардан 113,4 % дайындалды.

        Мал азығы қыстаққа толық жеткізілді.

        Ветеринарлық-алдын алу іс-шаралары толық көлемде жүргізілді.         

        Жер қатынастары саласында келесідей жұмыстар атқарылды.

        2017 жыл ішінде өңір бойынша ауыл шаруашылығы айналымына жалпы алаңы 133 мың га болатын 108 учаске ауыл шаруашылық алқабы тартылды, оның ішінде алаңы 81,1 мың га 44 учаске конкурстық негізде және алаңы 52 мың га  64 учаске конкурстан тыс.       

Қала шекарасындағы жер телімдеріне жер пайдалану құқығын сату бойынша 8 аукцион өткізілді, нәтижесінде 9,5  млн. теңге сомаға жалпы алаңы 28,5 га болатын  27 учаске сатылды.

 

Жерді жалдаудан, жалдау құқығын сатып алудан, жерді сатып алудан және жер салығынан түскен төлем 2,5 млрд. теңгені құрады, бұл жылдық жоспардың  113 % құрайды.

 

Құрылыс саласында.

 

Көп пәтерлі үш тұрғын үйде 330 пәтер пайдалануға берілді. 

Жалпы алаңы 14 мың кв.м. 180 пәтерлі бес қабатты үш тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда.

Ақкөл, Төртүй, Шиқылдақ, Ә. Марғұлан атындағы ауылдарда  4 ветеринарлық бекет салынды.  

Шиқылдақ ауылында бюджеттік сала қызметкерлері үшін екі пәтерлі екі үй пайдалануға берілді. 

Халықты жұмыспен қамтуға қатысты

2017 жылы 3550 жаңа жұмыс орны құрылды, әлеуметтік қолдаумен  211,3 млн. теңгеден аса сомаға  14 мыңнан астам адам қамтылды:

12 отбасы - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды;  

жалпы 34,9 млн. теңге сомаға 1828 отбасы тұрғын үй көмегін алды;

        мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына арналған әлеуметтік көмекті жалпы 163,0 млн. теңге сомаға 12 мыңнан аса адам алды.

        Биылғы жылы электрондық еңбек биржасы жұмысын бастады. 

        Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында Жұмыспен қамту орталығы бүгінгі күні Энергетиков көшесіндегі № 62  қайта жаңартылған ғимаратта орналасқан.

Бұған қоса, осы ғимаратта 12 дербес бөлім кіретін Бірыңғай әкімдік құрылған. 

 

Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындауға қатысты.

Білім беру саласының бюджеті 7,6 млрд. теңгеден асты, бұл көрсеткіш 8 %-ға өскен.

Білім беру нысандарын жаңа оқу жылына дайындау үшін 2017 жылы жалпы 235 млн.теңгеден астам сомаға білім беру ұйымдарын қайта жаңартып, 13 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

12,3 млн. теңге сомаға 3 ауылдық мектепте 5 жылыту қазандығы ауыстырылды (Комсомол, Шідерті  ЖОББМ –  2 қазандықтан,  Марғұлан атындағы ЖОББМ  –  1 қазандық).

Ауылдық аймақтардағы барлық мектептерге 27 млн. теңгеден астам көмір толық көлемде жеткізілді.

2017 жылы 22 мектепке робототехника кабинеттері және 15 мектеп үшін 19 млн. теңгеге жаңа жиhаз сатып алынды.

Сонымен қатар, кітаптар сатып алу үшін 173 млн. теңге жұмсалды.

        Халықтың әлеуметтік осал бөлігіндегі балалар ыстық тамақпен 100 пайыз тегін қамтылды. Осы мақсатқа қалалық бюджеттен 76,5 млн. теңге бөлінді.

 

«Мектепке жол» республикалық акциясына қатысушылар саны жыл сайын арта түсуде. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан үш мың балаға жаңа оқу жылына дайындалуда көмек көрсетілді.     

Балаларды мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.

 

Соңғы бес жыл бойы 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 % мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиемен қамту сақталуда.

 

Қаланың 19 бала бақшасында қазақ тілінде оқытатын  21 эксперименттік топ ашылды, ол жерде өзге ұлт өкілінен 558 бала білім алуда, бұл балаларды 3,7 пайыздан (2016 ж.) 19 пайызға (2017ж.) дейін қамтуға мүмкіндік берді.

 

2017 жылы «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы бойынша жалпы 186 млн. теңгеге № 9 және № 20 бала бақшалар күрделі жөнделді. Бұл, аталған бақшалардың коммуналдық қызмет төлемін 2 есе қысқартуға септігін тигізді.

2017 жылы бала бақшаларды материалды-техникалық жабдықтауға қалалық бюджеттен 62 млн. теңге бөлінді, соның ішінде 14 бала бақшаға жылы еден төселді.

 

 «Дипломмен ауылға» мемлекеттік  бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала және агроөнеркәсіп кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну   жұмыстары жалғасты.

Оларға жалпы 10 жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін 3 несие берілді.

 

Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында іс-шаралар өткізілді.  

 

 Екібастұз өңірінде 28 денсаулық сақтау объектісі  жұмыс істейді.  

        Екібастұз қалалық ауруханасының корпусаралық галереясын салу жөніндегі көп жылғы негізгі мәселе шешілді және педиатриялық корпус күрделі жөнделді.

        Осы корпусқа бүгінгі күні қан орталығы, СПИД – орталығы, жедел жәрдем стансасы көшірілді.

        Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап Екібастұз қалалық ауруханасының құрамында магнитті- резонансты томограф жұмыс істейді.

        «Орика Қазақстан» ЖШС басшылығымен қалалық ауруханаға 30 жаңа кереует сатып алуда демеушілік көмек көрсетілді. 

        2018 жылы 135,5 млн. теңгеге Екібастұз қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесін және  185,7 млн. теңгеге Екібастұз перзентханасын күрделі жөндеу жоспарда.

        Ағымды жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде Екібастұз қалалық ауруханасының құрамында компьютерлік томограф жұмыс істейтін болады.

Есептік кезең ішінде Екібастұз өңірінде 2316  бала өмірге келіп, 1125 адам қайтыс болған. Табиғи өсім 1191 адамды құрайды, бұл оң көрсеткіш.

Соңғы үш жылда Екібастұз өңірі бойынша ана өлімі тіркелмеген, нәресте өлімінің көрсеткіші 2,9 %-ға төмендеген.

Жалпы өлімнің 7 пайызға төмендегені, ал туберкулез ауруының 12 пайызға қысқарғаны байқалады

Мәдениет және мемлекеттік тілді дамыту туралы.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту  бағытында мақсатты  жұмыстар жалғасуда. 

Осы бағытта түрлі іс-шаралар өткізілуде – олар айтыстар, фестивальдер мен конкурстар, бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 5,5 млн. теңгедан аса қаражат бөлінді.

        2017 жыл «Туған қаламыз үшін 60 игілікті іс» ұранымен өтті. 

Екібастұздықтар  қаланың барлық шағын аудандарында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларды өткізуге белсенді қатысты.

Демеушілік қаражат есебінен қазақ ақыны, ойшыл,  тарихшы, философ, ағартушы Мәшhүр Жүсіп Көпейұлына ескерткіш орнату екібастұздықтар үшін айтулы іс-шаралардың бірі болды.

Біз «Ұлы Дала Елі» республикалық фестиваліне қатысып, 10 метрлік домбыраның үлгісін қойдық.

«Өнер»ҚМО –ның сол жақ қанатынан неке қию залы ашылды.

Осы мақсатқа 94,0 млн. теңге жұмсалды.

Есептік жылы 36,0 млн. теңге сомаға «Атамұра» мәдениет орталығына күрделі жөндеу жүргізілді.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық  қорын нығайту үшін 41,0 млн.теңгеден астам сома жұмсалды.

Өткен жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде  11 жоба  іске асырылды.

Жобалық офис жұмыс істейді.

Жалпы 120 мың адамды қамтумен  жүзден аса іс-шара өткізілді.

Спорт пен дене шынықтыруды дамыту бағдарламасы шеңберінде  44 мың адамды қамтумен  республикалық,  облыстық және қалалық деңгейдегі 305 спорттық іс-шара  өткізілді.

Ұлттық  спорт түрлерін, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін  бейімделу, спорттық іс-шараларды дамыту айрықша назарда  болады.

 

2017 жылы 27 млн. теңгеден астам сомаға қаланың барлық БЖСМ –да, соның ішінде Шідерті кентіндегі  ДСК және қалалық ипподромда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

8 спорттық құрылыс салынды.

Олар: Торайғыров көшесі бойынша  жасанды жабындысы бар толық көлемді футбол алаңы мен Мәшhүр Жүсіп көшесі №82 үйдің ауласындағы жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы  «Samruk - Kazyna Trust» корпоративтік қорымен  «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде 392 млн.теңге сомаға инклюзивті әмбебап 6 балалар-спорт алаңдары құрылды.

Тұрғын үй-коммуналдық саласындағы жұмыс туралы.

2017 жылы қаланың  автомобиль  жолдарын күтіп ұстауға және ағымды,  орташа жөндеп, қайта жаңартуға  бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам сома бөлінді.

Жалпы ұзындығы 12,2 км. қалалық 14 автожол учаскесіне қайта жаңарту жүргізілді.

Анықтамалық:

Әди Шәріпов көшесі, Шорманов, 18-Южный, Петренко желекжолы, Степной, Амангелді, Жамбыл, Беркімбаев, Целинная, Декабристер, 4-юго-западный, Сәтбаев, Дөнентаев және  Энергостроителей желекжолы.

Сонымен қатар, Қонаев, Павлов, Беркімбаев және Советов көшелерінде  жалпы ұзындығы 2,5 км.орташа жөндеу аяқталды.

Қаланы абаттандыру және жарықтандыру іс-шараларына  800 млн. теңге бөлінді.

 40 шақты балалар ойын алаңқайы орнатылды.

35 аулаға шағын сәулеттік нысандар мен жаяулар жолын салып  абаттандыру жүргізілді.

20, 26, 31-шағын аудандарда 29 көшені, Беркімбаев және Угольный көшелерін 100 млн. теңгеден астам сомаға жарықтандыру  жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы  қаланы  көгалдандыру мен санитарлық тазалау  жұмыстары жүргізілді.

2016 жылмен салыстырғанда гүлзарларды  орнату 33 %  артып, 4,5 мың шаршы м. құрады.

Он мыңнан аса ағашты пішіндеп кесу жүргізілді.

Құрамына «Восточный» кеніші енетін «ЕNRG» компаниясымен жасалған меморандум шеңберіндегі қаражат есебінен 2017 жылы «Шахтер»  мәдениет және демалыс саябағын  жаңғырту жұмыстары жүргізілді: 4000 орындық көше эстрада алаңы құрылды, биылғы жылы ашық хауыз құрылысы аяқталатын болады.

Бюджет қаражаты есебінен  субұрқақ  салынды.

Жалпы 6 га жуық жер абаттандырылды.

2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына  дайындық және өткеру мәселесі жөнінде.

Тұрғын үй -коммуналдық  шаруашылығы объектілерін 2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына  дайындау шеңберінде барлық коммуналдық кәсіпорындар Екібастұз ЖЭС, «Екібастұз жылу желілері» ӨК, «Горводоканал» МКК, «Горэлектросеть» ЖШС жылумен, сумен және электрмен  жабдықтаудың негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеуге қатысты іс-шаралар жоспарын әзірледі.

«Павлодарэнерго» АҚ Екібастұз ЖЭО бойынша.

Бүгінгі күні қаланы жылыту маусымында  жылу энергиясымен  жеткілікті түрде сенімді әрі үздіксіз  қамтамасыз ету үшін  жабдықтар дайындалды.

Электрмен жабдықтау желілерінде 125,7 км. электр берілістің кабельді және әуе желілеріне жөндеу жүргізілді (ағымды– 112,7 км., күрделі-13 км.), жалпы сомасы 200,0 млн. теңгеге 127 қосалқы стансаға жөндеу жүргізілді.

2017 жылы 11,6 км. сумен жабдықтау және су бұру желілеріне 250,0 млн. теңге сомаға жөндеу жүргізілді.

Жылумен жабдықтау желілерінде күзгі-қысқы ең жоғары жүктемелер кезеңінде тұрақты жұмыс істеуі үшін 7,5 км. жылу желілеріне  күрделі жөндеу жүргізілді.

«Нұрлы Жол» бағдарламасы  шеңберінде Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінен қарыз алу есебінен іске асырылатын инвестициялық  жобалар бойынша  Пішембаев көшесінде (Энергетиков көшесінен Абай көшесіне дейін) ұзындығы 1,8 км. жылу магистральдарының  құрылысы аяқталды.

Бүгінгі күні, инвестициялық  жобалар аясында жұмыстар жалғасуда:

 «Есепке алу аспаптарын  және реттеуші арматураларды  орнатумен ТМ – VII   ТМ-IX дейін  қайта жаңарту», ұзындығы 2,4 км.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткен жылы  жалпы сомасы 2,6 млрд.теңгеге инженерлік желілерді қайта жаңарту мен  жаңғырту  жөніндегі 4 жоба аяқталды.

Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыру мақсатында.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша қайтарылған қаражат есебінен 2017 жылы М.Жүсіп көшесіндегі №20 тұрғын үйдің төбе жабындысын, қасбетін және бекітпесін қайта жаңарту, Королев көшесі 94 - үйдің төбе жабындысын жалпы 64,6 млн. теңге сомаға қайта жаңарту  жұмыстары атқарылды.

Сәтбаев, 48 және Московская 71 көшелеріндегі екі үйдің жылумен, сумен жабдықтау және кәріздік желілерінің жертөле құбырларын күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

2017-2018 жылдардағы жылыту маусымына дайындық кезеңінде пәтерлердің меншік иелері нысаналы жиындарының есебінен 160 үйдің ортақ мүлкіне  күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмысқа қарсы күрес туралы.

Жергілікті полиция қызметін материалдық-техникалық жабдықтауға қатысты бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Бюджеттік және демеушілік қаражат есебінен  4 автокөлік, 10 компьютерлік техника сатып алынды, сондай-ақ ғимарат пен сап алаңына және полицияның үш учаскелік пунктіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шідерті кентінің полиция бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді.

Өңір бойынша, соның ішінде ауылдық елді мекендерде, орталық қиылыстарда, көшелерде, қалаға кіре беріс және  шыға беріске барлығы 80-ге жуық бейне бақылау камерасы  орнатылды.

Көппәтерлі  тұрғын үйлерде  тұрғындар камералар  орнату жұмыстарын бастады.

Аталған барлық іс-шаралар тіркелген қылмыстардың жалпы санын 2016 жылмен салыстырғанда 7,2 %-ға ( 2094-тен  1943-ке дейін) төмендетуге әсер етті, соның ішінде:

қоғамдық орындарда жасалғаны 2,0 %, 725 –тен 710-ға дейін, оның 3,7 %-ы қала көшелерінде - 377-ден 363-ке дейін;

бөтеннің мүлкін ұрлау 16,3 % (1104-тен  923 дейін).

2018 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жыл сайынғы Жолдауын жариялады, атаулы құжатта жаһандық өзгерістер мен жаңа нақты ахуал жөнінде айтып, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Жолдау елдің одан әрі дамуы үшін әбден ой талқысынан өтіп, уақыт тезімен түзелген басымды 10 міндеттен тұрады, оларды жуық арада іске асыру қажет.   

Жоғарыда мазмұндалғандарды ескере отырып, біздің бірлескен жұмысымыз  2018 жылы:

-Президенттің «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын орындауға;

экономикалық өсімді қамтамасыз ету және жаңа технологияларды енгізумен  өндірісті индустриаландыруға;

мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыруға;

әлеуметтік саясатты іске асыруға, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерін салуға;

агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, соның ішінде мал, өсімдік шаруашылығын дамытуды қамтамасыз етуге, ауылда тұру үшін қолайлы жағдай жасауға;

шағын және орта бизнесті, тұрғындардың iскерлiк белсендiлiгiн қолдау шараларын қабылдауға;

жемқорлыққа қарсы іс-қимылға және заңның үстемдігіне бағытталған іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Елбасымен қойылған барлық міндеттер нақты, қаржыландырумен сенімді қамтамасыз етілген, әрі сөзсіз орындалатын болады.

Әрқайсымыздан тиімді жұмыс пен қажырлы еңбекті талап етеді.

2018 жыл біз үшін ерекше болмақ. Біз қазақстандықтардың барлық буынының  мақсат, арманы мен болашағы тығыз байланысты Астанамыздың 20 жылдығын  және  Павлодар облысының 80 жылдығын атап өтеміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің экономикалық дамуының жаңа моделі мен модернизациясын айқындайтын Жолдауында және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасында даму белестерінің нақты қадамдары мен жаңа мақсаттарын айқындап берді.

Құрметті екібастұздықтар, алдымызда көптеген атқаратын істер күтіп тұр, біз Сіздермен оны да орындай аламыз деп сенемін!