Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 ж. 24.07. – 2013 ж. 31.07. уақыт аралығында «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел құтқару отряды» ММ күшімен жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

1. 09 сағ. 08 минутта күйеуінің пәтер ішінен есікті жауып алып, өзінің күре  тамырын кесемін деп қорқытып, қауіп төндіріп тұрғаны туралы әйелі хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, балкон арқылы пәтер ішіне кірді. Ер азамат ұйықтап жатты. Құтқарушылар оны полиция қызметкерлерінің қолына тапсырды.

2. 10 сағ. 55 минутта өзі подъезге шыққанда кішкентай немересінің есікті ішінен жауып, өздігінен аша алмай тұрғандығы туралы азаматшадан хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп 5-ші қабаттың балконынан 3-ші қабаттың балконына түсіп пәтердің есігін ішішнен ашты.

3. 20 сағ. 39 минутта ер азаматтан 2-ші қабаттың төбесінде құрылысшы тайып жығылып, аяғын шығарып алғаны туралы хабар келіп түсті. Жұмыскерді 2-ші қабаттан  төменге түсіру үшін құтқарушылардың көмегі қажеттігін айтты. Оқиға орнына келген құтқарушылар альпенистер жабдықтарының көмегімен жұмыскерді жерге түсіріп, дәрігерлік көмек көрсету мекемесіне жеткізді.  

4. 13 сағ. 59 минутта азаматшадан балконында аралардың ұшып жүргені туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп балконнан аралардың ұясын тауып тез арада көзін жойды.

5. 23 сағ. 41 минутта пәтер ішінде қарт әжесінің құлап қалып, есікті аша алмай жатқандығы туралы азаматшадан хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келісімен арнайы құралдардың көмегімен есікті ашты.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ  жедел құтқару отряды» ММ қызметкерлерінің заңға қайшы келетін іс-әрекеттері туралы мына байланыс телефондары арқылы хабарлай аласыздар: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚО» ММ

4-ші бөлімше жетекшісі                                                            Ж.Қ. Қайырбаев