Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қоспалардың зияны туралы

Спайс (ағыл. "spice" — қоспа) — құрамына синтетикалық заттар мен кәдімгі шөптер кіретін шөп қоспасының бір түрі.Спайстардың зияны, нарколог мамандардың пікірінше, марихуананы шегуденеселеп асады. Спайстарды үнемі қабылдау адам ағзасына ғана емес, оның жүйке жүйесіне де әсер етеді.Ең алдымен қанайналым, жүйке және жыныс жүйелері, бауыр зардап шегеді. Жастар үшін спайсты қабылдау – белсіздікке әкелудің ең қысқа жолы, себебі оның құрамына кіретін заттар әйелдердің менструалдық циклын бұзса, еркектердің сперматозоид белсенділігін төмендетеді.

Жүйке жүйесі жағынан бұзылыстар ретінде интеллекттің төмендеуі, қалыпты жүріс-тұрыстың өзгеруі байқалады. Спайстарды үнемі қабылдауда жүйке жүйесінің тәуелділігі қалыптасады, оны байқау қиын емес. Мысалы, осы заттардан тәуелді адам депрессияға, қозғыштыққа, көңіл-күйдің жиі өзгерісіне бейім.

Наркомания — бұл қазіргі ұрпақтың залалы. Балалар  наркоманиясы — бұл болашақ ұрпақтың залалы. Балаларымыздың болашағын қалай сақтауға болады?

Наркотиктарға деген ең мықты иммунитеттің бірі болып өмірге деген оптимисттік, белсенді, мақсатты және конструктивті көзқарас.

-Балаларыңызбен жиі әңгімелесіңіз.

-Оларды тыңдаңыз.

-Наркотиктердің зияны туралы айтыңыздар

-Алдарына нақты мақсатты қоюды үйретіңіздер

-Үлгі бола біліңіздер

Балаларыңызбен не туралы сөйлесеңіздер де, оларға өзінің жеке қауіпсізідігі жөнінде кеңес беріп тұрыңыздар. Өз балаңызға нағыз жолдас болыңыз. Егер наркотиктермен жолығып қалған жағдайда, оған өз шешімін жасауға көмектесіңіз. Наркотиктерді бір рет тұтынып көрген адамның барлығы  наркоман болмайды, алайда оған тәуелді болғандар оны өз кезінде тек «бір рет» татып көрген....

РММ «Екібастұз қалалық

 қоғамдық денсаулық сақтау

 басқармасы» бас маманы                                              Б.У.Абдрахман