Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің тұрғындар алдында қорытынды есеп беруі

2018 жылғы 7 ақпанда Қайрат Теміршотұлы Нүкенов халықпен кездесті. «Өнер» ҚМО-да өткен есептік кездесуде қала басшысы 2017 жылғы жұмысын қорытындылап, қала тұрғындарын  ағымдағы жылғы даму  жоспарымен таныстырды.

Кездесуге мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, қалақұраушы кәсіпорындардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық - этно- мәдени орталықтарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қаланың құрметті азаматтары, шағын және орта бизнес  өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Қала әкімі өзінің «Екібастұз қаласының 2017 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары мен 2018 жылға қойылған міндеттер туралы» баяндамасында   барлық әлеуметтік –маңызы бар көрсеткіштерге  өткен жылмен салыстырмалы талдау жүргізе отырып ақпаратты жан-жақты баяндады.

Есепті кезеңде білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жастар саясаты, жұмыссыздық санын төмендету сияқты мәселелерге тиісті деңгейде көңіл бөлінген.

Баяндамадан соң, қала тұрғындары әкім Қайрат Теміршотұлына сұрақтар қойды. Сұрақтардың басым бөлігіне  залда бірден жауап берілді, қалған сұрақтар  егжей-тегжейлі пысықтауды және мамандарды тартуды қажет етеді. Осы жөнінде қала әкімі орынбасарларына, мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық кәсіпорындардың басшыларына тікелей тапсырмалар берді.