Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Байытылған азық-түліктердің пайдасы туралы

Дұрыс тамақтану басты ережелері:

1. Жануарлардан шыққан майлардың мөлшерін қысқарту;

2. Омега 3 сияқты май қышқылдарымен байытылған азық-түліктерді қолдануды  арттыру (қызыл балық, өсімдік майы, жаңғақтар).

3. Құрамында жасұнық бар азық-түліктерді қолдану (астық тұқымдастар, көкөністер, жемістер, құрғатылған жемістер).

4. Жаңадан әзірленген тағамдарды қолдану.

5. Сары майда асты пісірмеу.

6. Аса тұзды азық-түліктерден бас тарту.

7. Сүт орнына сүт қышқылды азық-түліктерді пайдалану (айран, йогурт, ряженка).

8. Етті, балықты және құс етін жаңа істелгенде және шөптер мен көкөністермен бірге қолдану керек. (ақжелкен, балдыркөк, аскөк, салатпен қуырылған, жасыл пияз, орамжапырақ және т.б.).

9. Күнделікті жаңа әзірленген көкөністер мен жемістер салатын жеу керек.

Дұрыс тамақтану ережелерін сақтау үшін келесі азық-түліктердің: қант, тұздатылған, қақталған тағамдарды, қуырылған асты, майлы шошқа етін,  консервілер мен консервіленген азық-түліктердің қолданылуын шектеу керек.

Дәруменделген азық-түліктерді пайдалану аса маңызды.

Халықтың барлық тобында дәрумен жеткіліксіздігінің жасырылған түрлері – гипо және полигиподәруменсіздіктің орын алуы байқалады. Бұл мәселенің тиімді шешуіне кепілдік беретін сенімді жол - тамақтануға байытылған азық-түліктерді енгізу болып табылады. Бұл - әдеттегі қарапайым тағам мөлшерінен қажетті тағам заттарын  керек мөлшерде алу есебімен құрамына қажетті дәрумендер, минералдар, жасұнық (тағам талшықтары), тірі биомәдениет  қосымша енгізілген қарапайым тағам азық-түліктері.

Оларға мыналар жатады:

• дәруменделген нан;

• дәрумені мен кальциі бар сүт;

• пребиотиктермен кальций бар йогрут;

• дәруменделген сусындар мен кисельдер;

• йодталған тұз;

• дәрімендер мен темір қосылған печенье мен үлпектер;

және басқа да азық-түліктер.

Сүттерді, йогурттарды, айрандарды А және С дәрумендерімен байытады. Олардың ішіндегі  «А» дәрумені, азық-түлік майлы болса,  тіпті жақсы қорытылады. «С» дәруменімен күрделірек, ол құбылмалы және сақтау кезінде жылдам бұзылады. 

Спредтерге А, Е, Д, К дәрумендерін қосады. Өйткені олардың негізінде – сүт және көкөніс майлары бар, осы майда жылдам еритін дәрумендер денеге жақсы таралады.

 Шырындардың  қораптарында  өндірушілер А,С,Е дәрімендері қосылған деген жазбаларды жиі қолданады. Бұл, әрине, қорапты безендіреді, бірақ А және Е дәрумені сіңу үшін шырында «майлы тамшылар» болу керек. Мысалы алма және апельсин шырынында олар өте аз. Шырындағы С дәрумені егер  жаңа сығылған шырын болған жағдайда ғана ағзаға жақсы сіңеді. Пакеттелген шырындарда дәрумендіктің болуына сене бермеу керек.

 «Жылдам» пісетін ботқаларды В тобының дәрумендерімен байытады. Бұл жақсы нұсқа, өйткені астық тұқымдарындағы осы дәрумендер  жақсы сіңеді.

Егер өндірушілер орамаларда «Дәрумендер кешенімен бірге» деп нақты дәрумендерді көрсетпей,  жай жазса, осындай жалпы сөздерге маркетингтің айла-тәсілдері деп түсінген дұрыс.

Минералдар қосылған азық-түліктер

Бізге темір, йод және кальций жиі жетіспейді. Оларды бірінші етіп азық-түліктерге қосады. 

Темір қосылған азық-түліктерге әйелдерге назар аударған жөн: 10 әйелдің 8-нде теміртапшылықты анемияның белгілері бар. Бұл микроэлементті ұнға, нанға, сүтке, йогуртқа жиі қосады. Йодты қарапайым адам қажетті мөлшерінен 3 есе аз алады. Оның жеткіліксіздігін йодталған және теңіз тұзы толықтыра алады. Бірақ ол үшін тағамды дайындар алдында тұздамау керек, ал тағам дайын болған кезде тұздаған жөн, өйткені йод жылу өңдеуден өткенде бұзылады.

Тағы бір мәселе – кальцийдің жетіспеушілігі. Азық-түліктерден алынған кальций нашар сіңеді, ол үшін Д дәрумені мен магний керек. Осы элементпен сүт азық-түліктерін және мюслиді байытады.

Дұрыс тамақтану – ұзақ өмірдің кепілдігі, бұл туралы бала да біледі. Ұзақ өмір сүрудің құпиясы - сау, әрі құнды ас үлесінде.

  

«Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасы»

эпидемологиялық қадағалау

бөлімінің басшысы                                                                  Б. Бекпаева