Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және оң шешімін алған кандидаттардын тізімі

2018 жылдың 02 ақпанында «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді.

Отырыс нәтижесі бойынша бос лауазымына орналасуға:

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  ММ түсімдерді болжау секторының E-R-4 санатындағы (№02-02-01-4-2)  бас маманына Мадина Темербулатовна Жусупованың кандидатурасын;

- "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" ММ бас маманы, E-R-4 санатындағы бас маманына  Асель Жумабаевна Жакупованың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды.

Конкурстық комиссияның Куралай Ерболовна Жаксыбергенованы «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің  E-4 санатындағы бас маманына (№01-1-11-4) ұсынбау туралы шешім қабылдауына байланысты бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өтпеді деп жарияланды.