Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 ж. 17.07. – 2013 ж. 24.07. уақыт аралығында «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел құтқару отряды» ММ күшімен жүргізілген авариялық-құтұқау жұмыстары
  1. 13 сағ. 34 минутта азаматшадан қоқыс төгуге шыққан кезде кіре беріс есіктің жабылып қалғаны туралы хабар түсті. Пәтер ішінде екі жасар кішкентай баланың жалғыз өзі қалып қойғандығын айтты. Құтқарушылар оқиға орнына келіп 5-ші қабаттың балконынан альпинистерге  арналған жабдықтардың көмегімен 4-ші қабаттың балконына түсіп, пәтер ішіне кіріп есікті  ашты. 
  2. 12 сағ. 19 минутта құлыптағы кілттің орны қажалғаннан, пәтерінің ішіне кіре алмай тұрған зейнеткерден хабар келіп түсті. Пәтер ішінде 8 жастағы немересінің жалғыз екенін айтты. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдардың көмегімен есікті ашты.
  3. 10 сағ. 48 минутта азаматшадан  пәтер ішіне балкон есігінен аралардың ұшып кіріп, оны шағып  алғандығы туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп балкон еденінің астынан араның ұясын тауып, алып тастады. 
  4. 21 сағ. 41 минутта қария кісіден көршісінің балконнан пәтер ішіне кіре алмай тұрғандығы туралы хабар келіп түсті. Кішкентай баланың балкон есігін ішішнен жауып, өздігіген аша алмай тұрғандығы белгіленді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп 5-ші қабаттың балконынан альпинистерге  арналған жабдықтардың көмегімен 4-ші қабаттың балконына түсіп, пәтер ішіне кіріп есікті  ашты. 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ  жедел құтқару отряды» ММ қызметкерлерінің заңға қайшы келетін іс-әрекеттері туралы мына байланыс телефондары арқылы хабарлай аласыздар:       

    22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚО» ММ

4-ші бөлімше жетекшісі                                                         Қайырбаев Ж.Қ.