Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Катбенова Айтжан Ниязбековна: Тұрғын үй мәселесі

Құрметті Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы сізге Екібастұз тұрғыны Қатбенова Айтжаннан өтініш. Мен 11 баланың анасымын, 2013 жылы басымда үй жоқ болғасын кезекке тұрғанмын, мен сияқты көп балалы аналардың біразы баспаналы болды, өзім анкология бойынша бақылау тізімінде тұрмын, кезегім жылжитын емес, жасым болса 70 тен асты, енді ол үйді мен қай кезде аламын. Мен 11 баланың анасы болып, екі дүркін алтын алқа иегері ретінде үкіметтен ешқандай көмек көрген емеспін. Сонда бізге көмек қолын созатын ешкім болмағаны ма? Осы жағдайыма қарап бір баспанаға қол жеткізуге көмектесуіңізді өтініп сұраймын. Осы өтінішім қаралып,бір шешімі болар деген үміттемін.

Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, пәтер мәселесі бойынша сіздің өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 - бабына сәйкес мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмдерде белгiленген кезектілік тəртібімен берiледi.

Осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.

Қазіргі уақытта Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде 2013 жылдан бері, отбасы құрамы 1 адаммен                     «зейнеткер» санаты бойынша №1868 болып кезекте тұрсыз (кезек динамикасы: 2013 жыл-№2007; 204 жыл-№1949; 2015 жыл-№1928; 2016 жыл-№1895; 2017 жыл-№1868).

Осыған орай заңнамаға сәйкес Сізге Екібастұз қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіңіз келген уақытта берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңнамасында уақытша тұрғын үй беру қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіз қабылданған шешімге арыздануға құқылысыз.