Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі жөнінде биылғы алғашқы кездесу

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметшілері азаматтық қорғаудың  басқару органдарымен 2017 жылды қорытындылау және 2018 жылға қойылған тапсырыстар жөнінде органдардың басқару құрамымен әдістемелік оқыту жиынын өткізді. Кездесу барысында «2018 жылға арналған азаматтық қорғаудың  Мемлекеттік жүйесінің күштерін  және тұрғындарды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылға дайындау бойынша іс- шаралар Жоспары» түсіндірілді. Әңгіме кезінде қаланы көркейтуші кәсіпорындарының, азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдеріне 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V «Азаматтық Қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негізгі талаптары түсіндіріліп, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша бір қатар сұрақтары талқыға түсті, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мүліктері эвакуациялық іс-шаралар жөніндегі қағидалармен таныстырылды. Сонымен қатар тексерілетін субьектілердің құқығы мен міндеттері, мемлекеттік инспекторлардың азаматтық қорғаныс саласында  қолданатын Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің баптары түсіндірілді. Қорытындылай келе қатысушыларға 2017 жылы азаматтық қорғаныс саласында өткізілген тексерістер жөнінде ақпарат жеткізілді.

  

 

Екібастұз қаласының

ТЖБ бастығының орынбасары

Д.М. Байсанбаев