Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төөтеше Жағдайлар Комитетті Көкшетау техникалық институтына қабылдау тәртібі

ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білімге мамандарды дайындау үшін үміткерлерді (абитуриеттерді )жинайды.

КТИ қабылдау тәртібі

Үміткерлерге (абитуриенттерге) жататындар:

-  орта және арнаулы орта білімі барлар;

-  әскери қызметке және оқуға денсаулық жағдайы жарамды;

-  арнайы тексерістердің нәтижелерінен әшкерелейтін мәліметтері жоқ;

-  ҚР ІІМ КТИ белгіленген (60 баллдан кем емес)  алдын-ала тестілеу жинаған өту  балын алғандар.

Институтқа түсу емтихандары келесі пәндер бойынша тестілеу түрінде өткізіледі: қазақ немесе орыс тілі, физика, математика, Қазақстан тарихы, дене шынықтыру бойынша бөлек емтихан тапсырылады.

Дене шынықтыру емтиханын тапсыру кезеңінде іштей оқитын кандидаттар казармада жатып, институтта тұру ережелерін сақтайды.

Белгіленген тәртіппен іштей оқу факультетіне қабылданғандар, әскери есептен шығарылып, өртке қарсы қызмет органдарының арнайы тіркеуіне алынады.  Оқуға  түскен курсанттар казармалық жағдайда болады және мемлекетпен толық қамтамасыз етіледі. Оқу ақысыз.

 Іштей оқитын  курсанттарға кезекті демалыс беріледі қысқы уақытта каникулдық демалыс ұзақтығы 14 тәулік, жазда ұзақтығы 30 тәулік, оқу орнын аяқтауға байланысты 30 тәулік.

Көкшетау техникалық институтының жоғары білім бағдарламасы бойынша іштей оқу курсын толық аяқтаған курстанттар, атап айтқанда 4 жылды, оқыған уақыттары жедел әскери қызметті өтумен теңестіріледі, сонымен қатар еңбек өтіліне кіреді.

 КТИ тәмәмдаған түлектерге өртке қарсы қызметінің лейтенанты деген әскери атағы беріледі  және өртке қарсы қызметінің құрылымдық бөлімшелеріне  жұмысқа орналастыру кепілдендіріледі.

      Толық ақпарат алу үшін мына мекенжаймен хабарласуыңызға болады:

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы, М.Жүсіп көшесі 39,№ 2 кабинет,  телефоны 343010.

Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы