Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Адамдар көп шоғырланатын объектілердегі өрт қауіпсіздігі

Адамдар көп шоғырланатынобъектілер санаты үлкен тізімді құрайды. Оларға өрт қауіпсіздігі бойынша түрлі кластағы құрылғылар мен ғимараттар жатады: кинотеатрлар, концерттік залдар, клубтар, спорттық құрылғылар, сауда ғимараттары, қонақ үйлер,  ауруханалар, қарттар үйі және тағы басқалары. Жаппай адамдар болатын жерлерде қандай өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажет? Берілген санат объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттармен адамдардың қауіпсізідігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптар қарастырылған, сонымен қатар берілген объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндетті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі жоғары. 

Жаппай адамдар болатын  әрбір объектінің негізгі мақсаты адамдардың қауіпсіздігі және өрт кезінде мүліктің қорғанысын,  өрттің алдын алу болып табылатын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болуы керек. Алғашқы өрт сөндіру, өртке қарсы қызметтін шақырту үшін байланыс құралдарымен және автоматтандырылған өрт дабылы жүйесімен жабдықталған, өрт  сөндіру және адамдарды хабарландыру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ерекше назар эвакуация жолдарына бөлінуі керек. Декоративті өндеу, қаптау материалдарын және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін еден қаптауын қолдануға болмайды, сауда құрылғылары  эвакуациялық шыға беріс жолына қатардан екі метрден кем емес қашықтықта орналасуы керек. Өртке қарсы су өткізу жүйесі, яғни өрт гидранттары мен өрт крандары үнемі жұмыс қалпында тұруы керек, жылына екі рет (көктемде, күзде) су жіберуге және жұмыс істеуіне тексерілуі тиіс. 

Монтаж,  баптау, электр құрылғыларын және электр жүйелерін пайдалану, сонымен қатар олардың техникалық жағдайына бақылау орнату электр құрылғыларын орнату ережелерімен және тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану ережелерімен сәйкес жүзеге асады.  Қазіргі таңда өрт дабылдарымен, хабарландыру жүйесінің және эвакуациялық және қосалқы шыға беріс жағдайының негізгі мәселесі, себебі осы факторлардан тікелей адам денсаулығы мен өміріне байланысты. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі міндет – жеке меншік иелері мен басшылардың жауапкершілігін арттыру.

Орта және шағын бизнес өкілдері мемлекет оларды қолдап, тексеріс санын азайтуға бағытталған шараларды қабылдауда. Бірақ, өкінішке орай, бизнес өкілдерінің көбі тиісті жауап қайтармай, өрт қауіпсіздігіне қажетті назар аудармайды. Тағыда қайталаймыз, заңға сәкес әрбір объектідегі өрт қауіпсіздігіне  басшылар жауапкершілік тартады. Осымен қоса, басшылар мен жеке меншік иелері өрт пайда болған жағдайда тиімді әрекет ете алатын ұжымды дайындауға үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Біз өрт санының көбейіп жатқандығын айта береміз. Адамдар өзінің жеке қауіпсіздігіне көз қарастарын өзгертпейінше, біз берілген жағдайды өзгерте алмаймыз.

Өрт қауіпсіздігі аясындағы бірлескен әрекет нәтижесі жетістігі  адам мен басшыға байланысты.  Сонымен қатар халықты қауіпсіздікке жетелеу мәдениеті, сонын ішінде өрт қауіпсіздігі аясында жұмыс маңызды болып табылады.