Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.С. Бигельдиевті таныстыру

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 9 өкімімен Даулетяр Серикулы Бигельдиев «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

1990 жылы 18 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының  Шымкент қаласында туған.

        Білімі – жоғары, 2011 жылы Шымкент университетін заңтану мамандығы бойынша бітірген.

        Мемлекеттік қызметтегі өтілі – 4 жыл. 

«ТЭК-Казахстан» ЖШС-де инженер-механик, директорының көліктік мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің кеңесшісі, Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.  

«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған.