Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013 ж. 10.07. – 2013 ж. 17.07. уақыт аралығында «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел құтқару отряды» ММ күшімен жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары

1.  М. Әуезов к-сі. Екібастұз азаматшасынан туысы болып келетін жалғыз тұратын зейнеткер әжейдің екі тәулік бойы телефонға жауап бермейтіндігі  және есік қаққанға ашпайтындығы туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп зейнеткердің туыстары мен полиция қызметкерлерінің қатынасуымен 4-ші қабат балконынан 3-ші қабаттың балконына түсіп ашық тұрған есік арқылы пәтер ішіне кіріп, кіре беріс есікті ашты. Пәтер ішінде үй иесінің мәйті табылды.

2. М. Әуезов к-сі. Ер азаматтан  бірнеше күн бойы ісінген саусағынан сақинасын шеше алмай отырғандығы туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп арнайы құралдардың көмегімен саусағынан сақинанасын шешіп берді.

3. Д. Қонаев к-сі. Ер азаматтан құдыққа иттің түсіп кеткендігі туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп арқанның көмегімен итті құдықтан алып шықты.  

4. М. Жүсіп – Д. Қонаев к-рі. Ер азаматтан жол көлік оқиғасының салдарынан Марк 2 жеңіл көлігі жылу трассасының астына кіріп кеткендігі туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп арнайы құралдармен зәбірленушіні босатып, жарақат алған жүргізушіні жедел жәрдем көрсету қызметкерлеріне тапсырды

5.Строитель к-сі.  Көп қабатты үй тұрғындарынан подъезд ішінде улы газдың иісі  шығып тұрғаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп барлық подъезд тұрғындарынан жаппай сұрау жүргізіп, 5-ші қабатта тұратын тұрғынның жорыққа алып шығатын газды пайдаланғаны анықтады. Үй иесі шығып тұрған улы газды тоқтатты.

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ  жедел құтқару отряды» ММ қызметкерлерінің заңға қайшы келетін іс-әрекеттері туралы мына байланыс телефондары арқылы хабарлай аласыздар:      

    22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚО» ММ

1-бөлімше жетекшісінің м.а.                                     Шакеткенов Р.Б.