Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және оң шешімін алған кандидаттардын тізімі

2018 жылдың 30 қаңтарында «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді.

Отырыс нәтижесі бойынша бос лауазымына орналасуға:

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің E-R-4 санатындағы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және көріктендіру мәселелері жөніндегі (№02-03-01-4-3) бас маманына Ерлан Жаныбекович Кариевтің кандидатурасын;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ-нің жоспарлы-техникалық жұмыстар секторының E-R-4 санатындағы (№02-12-01-1-1-1) бас маманына Ринат Малыкжанович Садыковтың кандидатурасын;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің E-R-4 санатындағы халықпен жұмыс жөніндегі секторының (№02-14-01-5-1)  бас маманына Асем Ашимовна Афанасьеваның кандидатурасын;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің E-R-4 санатындағы (№02-08-01-3)  бас маманына  Сабигат Сагатович Бозманаевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды.