Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсетулері бойынша жұмыстары туралы 2017 жылға ақпарат

Екібастұз қаласының әкімдігімен тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің 95 түрі көрсетіледі. 2017 жылы Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 77895 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Соның ішінде:

қызмет берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 10772.

қызмет берушілермен қағаз нысанында көрсетілген (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда), «электрондық үкімет» веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтер - 43641.

қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілгендер - 23482.

Екібастұз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2017 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес есепті кезеңде қала әкімі аппаратының мемлекеттік –құқық бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы заңнаманың сақталуына қатысты («Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі», «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» («Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ), «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі»,  «Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты», «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі-ТҮКШ бөлімі) 5 бақылау іс-шарасын жүргізді.

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде 29 бұзушылық анықталды.

Бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 қызметкер (АХАТ бөлімінің инспекторы К. Дешко, Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Ж.Б. Истаев) ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік мекемелердің басшыларына 34 ұсыным берілді, оның ішінде 30-ы оң нәтижемен қаралды.

Бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментіне мемлекеттік қызмет көрсетулер тізіліміне «Өткізу үшін мал басының саны жөнінде анықтама беру» және «Еңбекке қабілетсіз немесе шектеулі қабілетсіз кәмелетке толған тұлғаға қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау» қызмет көрсету стандартын енгізу, сонымен қатар, «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік тілдегі нұсқасын қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтіру туралы ұсыныс жолданды.

Бұған қоса, арыз берушілердің мүгедектігі туралы мәлімет алу үшін ТҮКШ бөлімін «Электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі ретінде өңірлік шлюз» АЖ (Е-Әкімдік) бағдарламалық қамтамасыз етуіне қосуға ықпалдасу туралы «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-ге хат жіберілді.       

2017 жылдың есепті кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуден 91 дәлелді бас тарту берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы 68 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сипаттағы 16 мақала жарияланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетулердің баламалы түрлерін тарату мақсатында Мемкорпорацияның өкілдерімен (ХҚКО) бірлесіп ағымды жылдың 25 шілдесінен бастап «Мобильді топтардың» ауылдық елді мекендерге баруы ұйымдастырылды, осындай топтардың құрамына дербес бөлімдердің (АХАТ, Білім, жұмыспен қамту, сәулет, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы) мамандары кіреді.

«Мобильді ХҚКО» (Мобильді топтар) аталған кезеңде 28 бару ұйымдастырылды, оның барысында 825 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Мобильді ХҚКО» шығу кестесі Екібастұз қаласы әкімі  (ekibastuz.gov.kz) ресми сайтының  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөліміне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және ХҚКО ғимараттарына орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті»ММ (бұдан әрі-АХАТ бөлімі) қызметіне Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты тексеріс жүргізді. Қараудың нәтижесі бойынша АХАТ бөлімінің басшысы А.К. Каусынова қала әкімінің  2017 жылғы 20 маусымдағы №239 өкімімен Қазақстан Республикасының«Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы » заңы  23 –бабының 5,6-тармақтарын, 5-бабының 2-тармағы екінші абзацының 1) тармақшасын талаптарын сақтамауда байқалған  бөлімнің қызметіне тиісті бақылау жасамағаны үшін осы бөлімнің бас маманына лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тексеріс жүргізіліп жатқан кезде АХАТ бөлімінің қызметкерлерінің әрекетіне қатысты көрсетілетін қызметтерді алушы  А.Т.Сакимованың  туу туралы қайта куәлікті уақытылы  алмау  мәселесі жөніндегі арызы келіп түсті. Мемлекеттік қызмет көрсетулердің бизнес –үрдісін бұзғандығы үшін АХАТ бөлімінің бас маманы  А.Ж.Сулейменова сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды

2017 жылдың 3-тоқсанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «Ашық есік күндері» акциясы шеңберінде Екібастұз қаласы  мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен құрылыс және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер мәселесі жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстел барысында қатысушылар қызметтерді электрондық форматта алуды жариялау мәселесін қозғады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бастамасымен 2017 жылдың 4-тоқсанында «Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілді, бұнда әр мемлекеттік орган өздерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынды.Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 20 анықтама мен 9 электронды-сандық қолтаңба (ЭСҚ) берілді, мемлекеттік қызмет көрсетулер жөнінде 143 кеңес берілді  әрі  көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 29 алушыға «Электронды  үкімет »  веб-порталын пайдалану дағдысы бойынша сабақтар  өткізілді.

Мемкорпорация  қызметкерлерін  тартумен «Электронды үкімет» порталын пайдалану дағдыларына оқыту  бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.Практикалық тест өткізумен бұл оқудан  ауылдық округтер, ауылдар мен кенттердің әкімдері, қала әкімі аппаратының және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының  мамандары өтті.

Компьютерлік сауаттылықтарын арттыру шеңберінде қала мектептерінің директорларын және информатика пәнінің оқытушыларын, кейіннен мұғалімдер, оқушылар мен олардың ата-аналарын оқыту үшін  «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына оқыту ұйымдастырылды.

Екібастұз қаласының орталықтандырылған кітапхана құрамында компьютерлік сауаттылықты арттыру шеңберінде тұрғындарды «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына оқыту ұйымдастырылды.Оқытуды Мемкорпорация қызметкерлері негізгі қажетті мемлекеттік қызмет көрсетулерді  алуды көрсетумен өткізді. Сондай-ақ, тыңдаушыларға  өздерін қызықтыратын  мәселелері бойынша Мемкорпорация  және электронды жүйе арқылы  мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі мен тәсілдері түсіндірілді.Бұл акцияға тыңдаушы ретінде ардагерлер кеңесінің өкілдері, орталық кітапхана, мұражай, қаланың мәдениет және достық үйлерінің  ұжымдарымен, зал оқырмандары қатысты.

Екібастұз қаласының мемлекеттік органдарының  қызметкерлерін жеке  оқыту өткізілді.

Энергетиков 62 көшесі бойынша қала әкімдігінің орталықтандырылған 13 мемлекеттік органы орналасқан  ғимаратта  «Ашық әкімдік» жобасы енгізілген.

Аталған ғимараттың бірінші қабатында ХҚКО үлгісінде трансформациялау жүргізілді, қала әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  тәртібін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттарды  көрсету үшін монитор орнатылған.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен жеделдігі мақсатында электронды кезек енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өздігінен алу үшін аймақ және құжаттарды қабылдау, ресімдеу және беру мақсатында құрылды, «Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сияқты өзекті мемлекеттік қызметтерді көрсететін уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері көрсетілді.

Екібастұз өңірінің 11 ауылдық округінде, білім беру ұйымдарында  мәдениет үйлерінде және қала кітапханаларында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарын құру жұмыстары жүргізілуде. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алушылардың «Электронды үкімет» порталына қолжеткізуі үшін интернетке қосылған  қажетті ұйымдастыру техника (компьютер, сканер, принтер) орнатылған.

Қалада мемлекеттік қызмет көрсетулердің тәртібі жөнінде 2 билборд орнатылды, сондай-ақ  мемлекеттер көрсету тәсілдері жөніндегі ақпараттар қаланың орталық көшесінде LED-экранда көрсетіледі.

2017 жылдың есептік кезеңінде 23 мемлекеттік қызметші  мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде Павлодар өңірлік қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығынан курстан өтті.

2017 жылдың аталған кезеңінде  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімін бұзуға жол берілген жоқ.

 

 

  Екібастұз қаласы әкімі

  аппаратының басшысы                                                            А. Қантаев