Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нурберген Маулитбаевич Сейлханов Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 20 өкімімен Нурберген Маулитбаевич Сейлханов Екібастұз қаласы әкімінің  кеңесшісі болып тағайындалды.

1986 жылғы 19 қыркүйекте Павлодар облысы Краснокутск ауданы Коминтерн  кеңшарында  дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2007 жылы  Инновациялық Еуразия университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі-10 жыл.

Сот орындаушы болып істеді, кәсіпкерлік бөлімі, әділет басқармасы, салық басқармасы  бас мамандарының, Екібастұз қаласы статистика басқармасының, Екібастұз қаласы әкімдігі  кәсіпкерлік бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында әкім болды.