Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің тұрғындар алдында есеп беруі

2017 жылғы 24 қаңтарда Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т.Нүкеновтің Бәйет, Төртқұдық ауылдық округтерінің  және Шідерті кентінің  тұрғындары алдындағы есеп беру кездесулері өтті.

Есеп беру баяндамасымен ауылдық округтер мен кент әкімдері сөйледі, олар өз есептерінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім, мәдениет денсаулық сақтау, абаттандыру, ветеринария мәселелеріне, әкім аппаратының жұмысына тоқталды.

2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы жөнінде Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т.Нүкенов баяндады.

Кездесудің қорытындысы бойынша елді мекен тұрғындары  көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.