Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 22 мамырдағы №9 шешімі

  

Екібастұз қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші

жойылған деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі              басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының  1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1, 40-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында, ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Екібастұз қаласы әкімінің мына:

1) 2010 жылғы 1 наурыздағы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет және телефон байланысы қызметін пайдаланғаны үшін өтемақы беру туралы» № 10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-259 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 14 «Отарқа», № 13 «Вести Экибастуза» газеттерінде жарияланған);

2) 2010 жылғы 19 сәуірдегі «Екібастұз қаласы әкімінің 2010 жылғы 1 наурыздағы «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет және телефон байланысы қызметін пайдаланғаны үшін өтемақы беру туралы» № 10 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-263 болып тіркелген, 2010 жылғы 27 мамырдағы             № 22 «Отарқа», № 20 «Экибастузское обозрение» газеттерінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №18 шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д. Адасбаеваға жүктелсін.

  

Екібастұз қаласының

  әкімі                                                                                        А. Вербняк

  

        

ОтменитьДобавить комментарий