Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 417/4 қаулысы Павлодар облысы Әділет Департаментінде № 4463 тіркелді

Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 05 тамыздағы № 6 шешімі

 

Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі «Екібастұз –

Бесқауға және Екібастұз - Майқайың автомобиль жолдарындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен сәйкестікке келтіру мақсатында, ШЕШІМ қабылдаймын:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі «Екібастұз - Бесқауға және Екібастұз - Майқайың автомобиль жолдарындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» № 4 (Павлодар облысының Әділет департаментінде № 4442 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 17 «Отарқа» және  № 17 «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

2.  Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д. Адасбаеваға жүктелсін.

 

Екібастұз қаласының

   әкімі                                                                                         А. Вербняк

 

  

ОтменитьДобавить комментарий