Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шешім Екібастуз қаласы Сарықамыс ауылдық округі Сарықамыс ауылының көшесін қайта атау туралы

Жоба

  

Шешім

  

Екібастуз қаласы Сарықамыс

ауылдық округі Сарықамыс

ауылының көшесін қайта

атау туралы 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2–тармағына сәйкес, Сарықамыс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 25 қазандағы қорытындысы негізінде, Екібастуз қаласы Сарықамыс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласы Сарықамыс ауылдық округі Сарықамыс ауылының «Ленин» көшесі «Мәшһүр Жүсіп» көшесі болып қайта аталсын.

2.  Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

     Сарықамыс ауылдық округі

      әкімінің міндетін атқарушы                                               М. Сейсембаев

 

  

ОтменитьДобавить комментарий