Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



"Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы"ШЕШІМнің Жобасы

 

Жоба

 

ШЕШІМ

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» № 756 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Екібастұз қаласының және қаланың ауылдық аймақтарының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.К. Кантаев табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.К. Кантаевқа жүктелсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Екібастз қаласының әкімі                                                К. Нукенов

 

ОтменитьДобавить комментарий