Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысында алғашқы егіздер СМС хабарламасының көмегімен перзентханадан шықпастан, туу туралы куәлік алып, бала-бақшаға кезекке тұрды!

Бүгін ХҚКО қызметкерлері  «Павлодар перинталдық орталығы» ШЖҚ РМК  егіздердің  анасы Меруерт Нургазиноваға туу туралы  куәліктерін берді.

 Алихан мен Амирханның анасына  олардың туған күні   балалардың туғанын тіркеу ұсынысымен құттықтау СМС хабарламасы келді. 1414 қысқа нөмірден келген барлық сұрақтарға жауап беріп, Меруерт Нургазиноваға  куәліктің дайын болғандығы мен  оны алуға болатыны жөнінде  хабарлама түсті. Осымен проактивті мемлекеттік қызмет біткен жоқ, өйткені Меруертке балаларды балабақшаға кезекке қою жөнінде келесі ұсыныс келіп түсті. Енді жаңа туған Алихан мен Амирхан балабақшаға кезекке тұрды.

Меруертке  баланың  тууы мен бала күтіміне байланысты жәрдемақы ресімдеуге байланысты  келесі кезеңнен өту қажет болады. Біз өз кезегімізде Меруертке  және оның сәбилеріне мықты денсаулық  және проактивті үлгіде қызметтерді алып,  уақыт талабынан қалмай ілесуді жалғастыруды тілейміз.

 Проактивті елдің  бөлігі болу үшін  мобильді азаматтар базасында тіркелсе болғаны. Мұны электрондық үкімет  порталында жеке кабинетте, ЖСН-ға ұялы телефон нөмірі арқылы  тіркелуге  болады. Кез келген адам оны ХҚКО операторға кеңес алу үшін жүгініп, «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында  өзбетінше   жасай алады.

 Қазіргі таңда Павлодар облысы бойынша  проактивті үлгіде туу туралы куәлікті 7 ата-аналар қолдарына алды.