Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бейбитжан Чипатаевич Туякпаев «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Қала әкімінің 2017 жылғы 23 қарашадағы №486 өкімімен Бейбитжан Чипатаевич Туякпаев  «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Бейбитжан Чипатаевич Туякпаев 1964 жылдың 5 мамырында Ресей Федерациясы, Алтай аймағында дүниеге келген. Білімі жоғары, Киров атындағы Омбы  ауыл шаруашылық институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша, академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін психология мамандығы бойынша аяқтады. Жалпы еңбек өтілі - 18 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 15 жылдан жоғары.

Бейбитжан Чипатаевич Туякпаев  өз еңбек жолын «Орталық Қазақстан басқармасы ММ «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесінің филиалында учаске бастығы болып бастады.

          Әр жылдары басшылық қызметтерін атқарды:

         «Астана қаласы тұрғын үй департаментінің пәтер бюросы» КМК ғимаратын пайдалану жөніндегі бөлімнің  бастығы, «Астана қаласы тұрғын үй департаментінің тұрғын үй  инспекциясы»ММ бөлім бастығы, «Астана қаласы тұрғын үй департаментінің «Мәлімет мүлік» мемлекеттік еншілес кәсіпорнының директоры, «Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің арнайы қамтамасыз ету жөніндегі орталығы»АҚ бас директорының орынбасары, ҚР ҰҚК «Казимпэкс» АҚ басқармасы төрағасының  бірінші орынбасары.

         Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалғанға дейін «Самғау-авиа» ЖШС басқарушы директорының қызметін атқарды.