Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жанат Боранбаевна Тлеуберлина «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Жанат Боранбаевна Тлеуберлина 1971 жылғы 16 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында  туған. 2007 жылы Инновациялық Еуразия университетін қаржыгер мамандығы бойынша аяқтады.

        Жанат Боранбаевна Тлеуберлина өз еңбек жолын 1990 жылы Павлодар облыстық ауруханасында бухгалтер  болып бастады.

Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінде бас бухгалтер, Екібастұз қаласы әкімінің аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі бухгалтерлік есеп және есептілік секторының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы  1 қарашадағы  өкімімен Жанат Боранбаевна Тлеуберлина «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.