Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нұрлан Жұмабекұлы Байбәкіров «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Нұрлан Жұмабекұлы Байбәкіров, 1979 жылы 5 қаңтарда Павлодар облысы Май ауданының Жұмыскер ауылында дүниеге келген. 2003 жылы С. Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетін тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген, 2006 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін тамамдаған, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры біліктілігі берілген.  

Нұрлан Жұмабекұлы еңбек жолын Павлодар облысы Май ауданының Қазан жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.  

Павлодар облысы Май ауданының Қазан жалпы білім беретін орта мектебінде тарих мұғалімі, «Павлодартелерадио» КМК-да жаңалықтар шолушысы, «Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұлттық тілдерді дамыту бөлімінің жетекші, бас маманы, бастығы, Павлодар облысы әкімі аппаратының бас маманы, «Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Павлодар облысы Ақсу қаласы Достық ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеген.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалғанға дейін «Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарды.   

            Нұрлан Жұмабекұлы Байбәкіров Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы 3 қазандағы өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.