Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала әкімінің есептік кездесулері

2018 жылдың 17 қаңтарында Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т.Нүкеновтің өңір тұрғындары алдындағы есептік кездесулері басталды.Бірінші кездесу Қоянды ауылдық округінде өтті.

Қала басшысы өз сөзінде Қазақстанды әлемге танытуға ықпал ететін елде болып жатқан  оң өзгерістер жөнінде айтып өтті. Бұдан әрі ол Екібастұздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі ақпаратты ұсынды. Өңірде агроөндірістік кешенді дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы басым негізгі бағыттар мен келер жылдың міндеттерін  көрсете отырып терең де нақты айтып берді және де Қ.Т.Нүкенов әлеуметтік –бағдарлы экономика құру, азаматтардың экономикалық ауқаттылығы келер жылдың    басты міндеті  екенін көрсетті.

         Кездесу барысында сұрақтар қойылып, оларға Қ.Т.Нүкенов толық әрі жан-жақты жауап беріп,  жекелеген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.

         Ауыл тұрғындары  қала әкімі  Қ.Т.Нүкеновтің жұмысын оң бағалап, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.