Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тұмаудың алдын алу

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері ағымдағы күзгі-қысқы маусым ішіндегі деректерді келтіргендігін хабарлайды.   Sputnik-Казахстан 

2017 жылы қазан айынан бастап     ЖРВИ түбі    өлімге өлімге әкелген 5 жағдай тіркелді деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Төрағасы Жандарбек Бекшин брифингте сөз етті.

2012-2013 жылдары Қазақстанда тұмаудан 69 адам көз жұмғандығын, өткен маусымда – 9 адам қайтыс болғандығын Бекшин анықтап айтты.

Денсаулық сақтау министрілігінің деректері бойынша вирустық инфекциялардан әлемде 500 мың адам дүниеден өтеді.

Бас санитарлық дәрігер өзін-өзі емдеудің қауіптілігі туралы ескертті және эпидмаусымы кезінде жаппай іс-шараларға қатысудан бас тартуды ұсынды.

Ведомствода суық тию ауруларының өсімін ақпан айында күтуде.

Күн сайынғы, апта сайынғы мониторинг деректері бойынша Екібастұз аймағында күзгі-қысқы маусымда халық арасында ЖРВИ аурушаңдылығының 1,6 есе төмендеуі айқындалды.

Тұмау вирусы ауа-тамшы жолдары арқылы (сөйлескен, жөтелген, түшкірген кездерде) таралады. Ол жоғары тыныс жолдарының шырышты қабығына тиіп, көбейе отырып, бұдан әрі бүкіл ағзаға таралады. Ауру жұққаннан кейін 1-3 күн ішінде дами түседі. Тұмаумен ауырған адамда дене қызуы 40 С градусқа дейін көтеріледі, адам қалтырап, тонып-дірілдейді, басы, көз алмасы ауыра бастайды, көзі қарлығады, сүйектер мен бұлшық еттер сырқырайды, әлсіздік пайда болады,  тамағы ауырып,  жөтеледі, тұмауратады.

Тұмаудың асқынуы оның ішінде вирусты пневмония (өкпенің қабынуы), вирусты энцефалит және менингит (бас миының қабынуы), вирусты миокардит (жүрек бұлшық етінің қабынуы) аса қауіптілік тудырады, ішектің вирусты зақымдануы  кішкентай балаларды күрделі сусыздандыруға алып соғу мүмкін. Тұмау дені сау адамның ағзасына қатты күйзеліс тигізсе, ал созылмалы аурулармен ауыратын адамдар үшін  ол бұдан да зор қауіп төндіреді. Тұмау асқынуының басқа түрі – созылмалы аурулардың асқынуы (бронхит, бронх демікпесі, қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі, пиелонефрит және т.б.). 2 жасқа дейінгі балаларда, созылмалы аурулармен ауыратын тұлғаларда, аға буындарда тұмау ауруы ауырға түседі. Тәуекелдің ерекше тобын жүкті әйелдер құрайды. ЖРВИ мен тұмау жүкті әйелдердің иммунды және эндокринді жүйесін бұзу мүмкін. Әлсіздік туады, ұйқысы нашарлайды. Жүкті әйелдерде тұмау ауруы тіркелген кезде ұрықтың қан айналымы кенеттен төмендейді, осының нәтижесінде балаға оттегінің жеткізілімі төмендейді. Жүкті әйелдерде тұмаудың жиі асқынуы түсікке және алдын ала босануға алып келеді.

ЖРВИ мен тұмау ауруының көтерілуі кезінде адам көп шоғырланатын орындардан бас тартқан, салқын тиюден сақтанған, далаға шыққанда мұрынды оксалин майымен өңдеген жөн. Жайларды, бөлмелерді жиі желдетіп, зарарсыздандыру құралдарын қолдана отырып, ылғалды жинақтау жүргізген,  жеке бас тазалығын сақтаған дұрыс. 

 

 

 Екібастұз қалалық қоғамдық

 денсаулық сақтау басқармасының

 бас маманы                                                                                      К.А. Айтпаева