Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Крещение Господнеде шомылу кезіндегі медициналық ұсыныстар

Крещение кезінде көптеген адамдар ойықтарда шомылуға шешім қабылдайды. Бірақ көптеген адамдарға бұл процедура қауіпсіз емес. Бірінші кезекте емдейтін дәрігермен кеңесу қажет.

            Жүйелі түрде шынығу ағзаның сауығуына көмектеседі, ал жылына бір рет ойықтағы суға түсу – ағза үшін қатты стресс. Крещение мейрамдарының қарсаңында ойықта шомылуға бел буғандарға дәрігерлер келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

Шомылу кезінде жағажайларда арнайы дайындалған купельдерде түсу қажет, әсіресе құтқару станциясы жақында орналасқан жерлерде және құтқарушылардың бақылауында суға түсу керек. Ойыққа түсу кезінде ең алдымен денені жылытып, бірнеше жаттығулар немесе жүгірулер жасаған дұрыс. Ойықтың жанына жәйлі, сырғанамайтын және тез шешілетін аяқ киімде түсу қажет. Мен дәрігер ретінде сланцыдан гөрі, тоқыма шұлық киуді ұсынамын. Ойыққа бара жатқан бетте асықпай жүру керек,жол сырғанақ болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Асықпай жүріп,абай болыңыз.

            Суға мойынға дейін ғана түсіп, кейін басымен түгел су астына түсуге болады. Бұл бас миы қан тамырларының рефлекторлы түрде тарылмауына көмегін тигізеді. Ағзаның толық салқындауын болдырмау үшін суда 1 минуттан көп  болмау қажет.

            Өткен жылдың тәжірибесінен келесіні ескертемін, купельден шығу оңай емес, ал тігінен судан шығу бұл қауіпті де қиын. Сақтандыру және бір-біріне көмектесу бұл жерде қажет. Шомылып болған соң, түкті сүлгімен сүртініп, құрғақ киім кию қажет. Иммунитеттің нығаюы үшін және ағзаның салқындауын болдырмау үшін алдын ала термоста жемістен және көкөністерден дайындалған ыстық шайды ішу қажет.

            Қысқы шомылу өткір және созылмалы аурулармен сырқаттанған келесі адамдарға тыйым салынады:

- Ауыз қуысыныңқабынуы, бағыныңқы мұрын және құлақ аурулары;

- жүрек-қан тамырларының жүйесі;

- орталық жүйке жүйесі (эпилепсия, бас сүйегінің ауыр жарақат алу нәтижесі, бас миы тамырларының ұмытшақтықтың көрсетілген сатысы, энцефалит, арахноидит);

- эндокринді жүйе (қант диабеті, тиреотоксикоз);

- тыныс алу мүшелері (өкпе туберкулезі - белсенді және асқыну сатысы, өкпенің қабынуы, бронхиалды демікпе, эмфизема);

- несеп-жыныстық жүйе (нефрит, цистит, қабыну, еркектік бездің қабынуы);

- ішек-қарын жолы (асқазанның ойық жарасы, энтероколит, холецистит, гепатит);

- тері-жыныстық аурулар.

Дәрігер ретінде біз шомылуға жауаптылықпенқарауға кеңес береміз. Үйден шықпас бұрын сүлгінің, түкті халаттың, құрғақ киімнің және резенкелі бас киімінің бар екеніне көз жеткізіңіз. Мұз үстінде тайғанамау және аяқты жаралап алмау үшін аяқ киімді де ұмытпаған жөн және шомылушының күші мен ерікті ынтасы болу қажет. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, сергектік пен көтеріңкі көңіл тілеймін.

 

 

Медициналық апаттар орталығының Павлодар филиалы