Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шідерті поселкесі әкімі А.С. Калиякбаровтың 2017 жылдың қорытындысы бойынша тезисі

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Шідерті поселкесінің тұрғындарының саны - 3336 адам.

Олардың ішінде: 492 арнаулы орта мектептің оқушылары, 123 бала мектепке дейінгі білім беру мекемесіне барады, 532 зейнеткер және 99 мүмкіндігі шектеулі адамдар.

«Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ-нің штаттық құрылымы 7 бірлік құрайды (әкім - 1бірлік., 3 -бас және 3 жетекші маман). Мемлекеттік қызметкерлерге ваканттық орын жоқ. Техникалық қызметкерлердің штаттық саны 14 адам, оның ішінде 20 жалғыз басты және қарт адамдарға, 11 мүмкіндігі шектеулі балаларға қарайтын 4 әлеуметтік қызметкер.

Негізгі қызмет

Әкім аппаратында 2017 жылдың 12 айда 143 өтініш қарастырылды, оның ішінде 22 өтініш заңды тұлғадан. Негізгі сұрақтар коммуналдық салаға және жер телімдерін рәсімдеуге байланысты.

Есеп кезеңінде әкім аппараты 85 өкім қабылдады.

Жылдың басынан бастап лауазымды тұлғамен 61 нотариалды іс жүргізілді.

271 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2017 жылға Шідерті поселкесі бойынша есепте 485 әскери міндеттілер, соның ішінде 3 офицер, 4 әйел, 478 әскери міндеттілер. әскери есепке 2-і алынып, 6 әскери міндетті есепке қабылданды. Поселкте 120 әскерге шақырылушылар тіркелген, оның ішінде 5-і кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға жіберілді.

Бюджет

Поселоктың 2017 жылғы нақтыланған бюджеті 89,4 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде поселок әкімі аппаратын ұстауға – 21,3 млн.теңге, білім беру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге- 41,7 млн.теңге, мәдениет саласы қызметіне – 12,9 млн.теңге.

«Оқушыларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері қайтуын тегін тасымалдауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен 1,9 млн.теңгеге бөлінді және 4 елді мекенге 155 оқушы автобуспен тасымалданады.

Бөлінген барлық қаражаттар мақсатты жұмсалды. 2018 жылдың 1 қаңтарына бюджетті игеру 100% құрады.

ҚҚШБ

2017 жылдың 11 айында ҚҚШБ салықтың 6 түрінен және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудан түскен табыс 11 млн. 949 мың теңге:

- Төлем көздері қарастырылмаған, жеке табыс салықтарынан түскен салық- 2567, 30 мың теңге;

- Жеке тұлғалардың мүлігіне салық – 93,7 мың теңге;

- ауылдық елді мекендегі жерлерге жер салығы – 45,8 мың теңге;

- ауылдық елді мекендегі жерлердің жер салығын қоспағандағы жер салығы (заңды тұлға) – 2878,26 мың теңге;

- заңды тұлғалардың көлік құралдарына салық – 316,89 мың теңге;

- жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық – 5982,5 мың теңге;

- мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру табысы – 65,2 мың теңге және 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалдық – 4,0 млн. теңге, барлығы 15,8 млн. теңге.

2017жылы ҚҚШБ шотында қаражатқа келесідей жұмыстар жүргізілді:

1. мұсылман зиратын қоршауға және «Даңқ» ескерткішін абаттандыруға және саябаққа ЖСҚ әзірлеуге – 226,0 мың теңге;

2. жолды қардан тазарту, тиеу және шығару – 874,8 мың теңге;

3. сыртқы бейнебақылау камерасын орнату және қызмет көрсету;

4. көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары (Юбилейная көшесі №2 және №4 үйлерге)

5. ағаштарды кесу – 3 027,0 мың теңге;

6. поселокты абаттандыру үшін шаруашылық тауарларын, бояу және құралдар сатып алу – 210,0 мың теңге;

7. Шідерті поселкесі бойынша ұйымдастырылмаған қоқысты жинау – 450,0 мың теңге;

8. Шідерті стансасындағы кғіреберіс жолдарға ағымдағы жөндеу – 380,2 мың теңге;

9. Санитарлық тазарту, ағаштарды орнату және ағарту, ағаштарды кесу және бұталарды кесу (өртке қарсы жерді жырту, арықтарды тазарту, кесілген шөптерді тиеу және жинау, балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу) – 2 318, 9,0 мың теңге;

10. Баннер әзірлеуге – 51,1 мың теңге;

11. Көше жарықтары электро энергиясына төлеуге – 1000,0 мың теңге;

12. кіру тобының эскизін әзірлеуге – 221,0 мың теңге;

13. мекен - жай тақтайшасын әзірлеуге және орнатуға – 293,1 мың теңге;

14. поселок стадионын жарықтандыруға қосу және энергиямен жабықтау;

15. жарық илюминациясын орнатуға және сатып алуға – 1097,0 мың теңге;

16. «Юбилейный» МҮ ғимаратына техникалық қорытынды ұсыну бойынша қызметтер – 187,0 мың теңге.

Шідерті поселкесінің коммуналдық саласын күтіп – ұстауға бөлінген қаражат.

Шідерті поселкесінде екі пәтерлі бір қабатты 155 және екі қабатты 70 үй бар.Оның ішінде орталықтан жылытуға қосылған екі қабаты үйлер – 68 (680 пәтер), екі пәтерлі бір қабатты - 146 үй ( 292 пәтер).

Жыл сайын «Коммуналдық меншікте тұрған, жылу жүйесін пайдалануды ұйымдастыру» 026 бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы қалалық бюджеттен үш учаскенің квартал ішілік жылу жүйесіне күрделі жһндеу жүргізуге 43,4 млн. теңге соммасында өаржы бөлінді, жалпы ұзындығы – 1328 м мекен – жай бойынша (поселоктың инжинерлік желілерінің жалпы ұзындығы құрайды: жылу жүйесі – 33,07 км, су құбыры – 22,75, кәріз – 23 км, оның ішінде «Қазсушар» РМК Қ. Сәтпаев атындағы канал филиалы ППБ-ның теңгеріміндегі жылу жүйесі – 8 км, су құбыры – 9,6 км, кәріз – 10,6):

Сонымен қатар 2017 жылы поселоктың 13 учаскесі бойынша квартал ішілік жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізуге 184,3 млн. теңге сомасына жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды:

Есептік кезеңде 10 жалпы поселкелік сенбілік өткізілді және демеушілік қаржы есебінен 750 тоннадан астам рұқсат етілмеген қоқыс шығарылды. Поселок ішіндегі жолдардың жүріс бөлігіне қиыршық тастар қосылған метериалмен жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

2017 жылы қалалық бюджеттен бөлінген 18,0 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа Ленин (қазіргі Қ. Сатпаев) көшесіне орташажөндеу жүргізу жоспарланған. Жүргізілген мемлекеттік сатыпалулар нәтижесі бойынша «Жол құрылыс 2015» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бірақ, кәсіпорын жоспарланған жұмысты орындамағандықтан, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен қатысушысы ретінде танылды және тиісінше тізілімге енгізілді.

Өткен жылдағы мәселелердің бірі АП 162/10 түзету мекемесінің теңгеріміндегі электр беру желілерін беру болып табылады. Тұрғындар электр қызметін пайдаланғаны үшін мекемеге есептелді. Қыркүйек айында аталған жүйе «Екібастұз қаласының Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ-ның теңгеріміне берілді. Бүгінгі күнде электро энергия қызметіне төлеу және қызмет көрсетуге шарт жасалды.

Шідерті поселкесі тұрғындарының пікірін ескере келе және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастикалық комиссия қорытындысы негізінде Шідерті поселкесінде 16 көше атауы өзгерді.

Әлеуметтік – экономикалық дамуға инвестициялар.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша поселок территориясында жол- пайдалану пункті және автокешен құрылысы жүргізілуде.

Автокешен құрылысын «Ақжол» ЖШС (Түркістан қаласы) салуда. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2017 жыл. 2016 жылғы қаржыландыру – 800 млн.теңге, 2017 жылға қаржыландыру – 350,0 млн.теңге. Кешен құрамына жылы бокс, қойма, жанар-жағармай құю стансасы, қонақ үй, жүз адамдық асхана, көлік жөндеу стансасы және әкімшілік ғимарат кіреді. Кешен ашылғаннан кейін 30 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Жолды - пайдалану пунктінің құрылысын «АЙЗАТ-ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-сі (Шығыс Қазақстан облысы) жүргізді. 2016 жылға қаржыландыру 569 млн.теңге, 2017 жылға қаржыландыру 230 млн.теңгені құрайды. Кешен құрамына: жылы бокс, қойма, жанар-жағармай құю стансасы, сорғы және әкімшілік ғимараттар кіреді. Жаңа кешендер ашылғаннан кейін 90 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Бүгінгі күнде қысқы дизельді отын өндіру бойынша зауыттың құрылысына құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Тапсырыс беруші «Alef Trade» ЖШС болып табылады. Бұл нысан бойынша инвестиция 1,8 млрд. теңгені ($ 5 500 000) құрайды. Зауыт іске қосылғаннан кейін 28 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Халықты әлеуметтік қолдау.

2017 жылы 26 маусымда түнгі сағат 03.30 Школьная көшесі №7 үйде өрт шықты. 31 адам, оның ішінде 14 бала тұрып жатқан 8 пәтер жанып кетті.

Бүгінгі күнде Школьная көшесі №7 үй тұрғындарына келесідей көмек көрсетілді:

2017 жылы 27 маусымда «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің басшысы шідерті поселкесінде қонақ үй, сонымен қатар алғашқы қажетті азық-түлікпен ыдыспен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Қонақ үй тұрмыстық техникамен және жиһазбен толық қамтылған. 2017 жылы 29 маусымда 7 отбасы (Дмитриева Т.А., Стретенцева С.В., Касенова С.К., Марценюк З.Е., Старцева Н.А., Закардон Р.А., Винтер О.В.) аталған қонақ үйге көшірілді.

2017 жылы 28 маусымда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалы- «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰБА Павлодар облысы бойынша Департаментінің Екібастұз қаласындағы бөліміне жанып кеткен құжаттарды қалпына келтіруге және жұмыспен қамту бөліміне өрт салдарынан мүлкіне зиян келумен байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарған берілетін бір реттік жәрдемақыны алуға құжаттар тапсыру үшін Екібастұз қаласына келу ұйымдастырылды. Екібастұз қаласы ІІБ ТЖБ құжаттарды қалпына келтіру үшін мемлекеттік баж төленді. 2017 жылы 28 маусымда Школьная көшесі №7 үйдің тұрғындарына «Б. Нуржанов атындағы Екібастұз ГРЭС -1» ЖШС-і отбасындағы әрбір адамға 50 мың теңге көлемінде материалдық көмекті қолдарына әкеп тапсырды (жалпы сомасы – 1,5 млн. теңге).

«Екібастұз» балалар қорымен демеушілік қаражатты жинау үшін шот ашылды. Сонымен қатар, Шідерті поселкесі тұрғындары киім және алғашқы қажетті заттармен (ыдыстар, азық-түлік, сабын-жуу құралдары) көмек көрсетуде. Шідерті поселкесінің мемлекеттік мекемелерімен кәсіпкерлері материалдық көмек түрінде және азық-түлікпен белсенді көмектесуде. 30 маусымда «Юбилейный» МҮ жиын өткізіліп, әлеуметтік желілерде және БАҚ хабарландырулар орналастырылды (уатсап, фэйсбук, инстаграмм) және екі дүкенге (Арман, Басентин) қайырымдылық көмекті жинау үшін жәшіктер қойылды. Екібастұз балалар қоры Шідерті поселкесі ленин көшесі 3 үй мекен жайында орналасқан тұрғын емес ғимаратты аудандық коммуналдық меншіктен сатып алды. Бүгінгі күнде Ленина көшесіндегі 3 үйді жөндеу қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмысына ішінде «Қазсушар» РМК Қ. Сәтпаев атындағы канал филиалы ППБ-сы белсенді қатысуда. (Комуникацияны жүргізу, қиыршық тас, құм және т.б.). KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС (шатр), «Портал – ПВ» ЖШС (жөндеу жұмыстары), «Alef Trade» ЖШС (пластикалық терезе), «Гидропром» ЖШС (цемент), «Вершина» ЖШС (кірпіш) 2017 жылы желтоқсанда үйлері өртенген отбасыларына пайдалануға берілген пәтерлердің кілттері берілді.

2017 жылы 22 қыркүйекте поселокте Екібастұз қаласының 60 жылдығына арналған, Екібастұз қаласы ауылдық округтері командаларының арасында ұлттық және халықтық, олимпиядалық жазғы ойындардан II спортакияда өткізілді.

Жарыста Екібастұз қаласының ауылдық округтер командалары белсенді қатысты. Жарыс келесі спорт түрлері бойынша өтті: шахмат, асық ату, армрестлинг, гір спорты, презенттік миля, волейбол және футбол.

Екібастұз қаласы әкімдігінің №3БЖСМ "КМҚК дене шынықтыру және спорт бөлімінің" дене шынықтыру-сауықтыру кешені стадионында демеушілік негізде "Тамыр" ЖШС жүгіру жолын жүргізді. Ауылдық округтер киіз үйлер құрып қамқорлық асын ұйымдастырды. «Қазсушар» РМК Қ. Сәтпаев атындағы канал филиалы ППБ-сы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны кішкентай поселок тұрғындарына ойын аймақтары үшін қондырғысын орнатты (батуд, сайқымазақ кейіпкерлері, шоу, сабын көпіршіктерінің және т. б.). Спартакиада қортындысы бойынша Ақкөл ауылдық округі 1-ші орын, Шідерті поселкесі 2-ші орын, Солнечны поселкесі 3-ші орын иеленді.

Шідерті поселкесі әкімінің міндетін атқарушы

А. Калиякбаров