Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Солнечный кенті әкімінің тұрғындармен «Кенттің 2017 жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есеп беру кездесуіндегі баяндама ТЕЗИСТЕРІ

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде

Солнечный кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуының

 негізгі көрсеткіштері

 

    Кенттің өнеркәсібі электр энергиясын өндіретін қала құраушы - «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ кәсіпорнымен ұсынылады, өндірістік қуаты -  1000 Мвт.

     «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Менің Елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Samruk -Kazyna –Trust» корпоративтік қорымен хоккей қорабы, стритбол алаңшасы, балалар ойын алаңқайы, көше тренажерлары орнатылды.

      ҚР Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған   «Агробизнес - 2020»  бағдарламасы бойынша 2017 жылы төрт шаруа қожалығы  («Мирас» ш/қ, «Мәди» ш/қ, «Жақсыберген» ш/қ, «Сельхозник» ш/қ) ірі қара малдың аналық басымен селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізу үшін субсидия алды.

     «Құлан» бағдарламасы бойынша «Мирас» ш/қ басшысы Бағлан Мұқатовқа жылқы шаруашылығын дамыту үшін 10 млн. теңгеге несие мақұлданды, бүгін де  39 бас жылқы сатып алынды.   

        01.12.2017 ж. жағдай бойынша ірі қара мал басы 927 басты құрайды.  ( 2016ж. -816 бас ), ҰҚМ- 574 бас ( 2016- 978 бас), жылқы–1263 бас (2016- 1200 бас), шошқа –79 бас (2016ж.-60 бас) және құс –232 (2016 ж.-230 дана). 

       Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша «авариялық – қалпына келтіру жұмыстарының слесарі» мамандығымен 1 адам оқудан өтті.   

     Бағдарламаның «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша «Сайм» ЖК мал шаруашылығын дамыту үшін 6 млн.теңге сома шағын несие алды және де 24 бас ІҚМ сатып алды.

     Үшінші бағыты бойынша: елді мекендерді абаттандыруға жұмысшы ретінде  19 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 

       - 14 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды;

       -  18 жаңа жұмыс орны құрылды.

    

       Жолдарды ұстау бойынша. Ағымды жылы 6177,8 мың теңге сомаға алаңы 2985,7 кв.м. кентішілік жол ағымды жөндеуден өтті, 7499,0 мың теңге сомаға  алаңы 3748 кв.м. орамішілік жолдар ағымды жөнделді. 

       Иесіз қалған және коммуналдық мүлікпен жұмыс бойынша. «Екібастұз қаласы Солнечный кенті әкімінің аппараты» ММ қаржы бөлімімен бірлесіп иесіз қалған пәтерлерді анықтауға қатысты тұрақты жұмыстарды атқаруда, кейін олар коммуналдық меншікке табысталуда (2017ж.-3, 2016ж.- 2).         

        Трансформаторлы қосалқы стансаға, кабельді және әуе электр желілеріне, полигонға апаратын автожолға, жағажайға, жаяулар көпіріне меншік құқығын ресімдеуге қатысты жұмыстар жүргізілді (барлығы 91 объект),

 

         Бюджеттік бөлім:

         2017 жылы: №17 «Жидек» бөбектер бақшасы» КМҚК жылыту үйесінің жертөле ажыратқыштарын, ыстық және суық сумен жабдықтағышын, канализациясын күрделі жөндеуге, «Мақпал» МҮ ғимаратының қасбетін күрделі жөндеуге, Абай атындағы алаңды абаттандыруға ЖСҚ әзірленді. 2018 жылы аталған жобаларға сараптама жүргізілетін болады.

        2017 жылы 5927,0 мың теңге сомаға әкім аппараты ғимаратының қасбетін күрделі жөндеу іске асты.

 

       4 деңгейлі бюджетті енгізу бойынша:

    - Кент аумағында жылжымайтын мүліктің 2776 объектісі тіркелген, оның 42- объектісі заңды тұлғалардың атына және 2734 пәтер жеке және заңды тұлғалардың атына бекітілген, әрі 715 жер телімі тіркелген. Екібастұз қаласы ЖТЕБ-ның мәліметіне қарағанда 920 бірл. автокөлік анықталды, оның 829 - ы  жеке тұлғалардікі, 91 бірл. техника – заңды тұлғаларға тиесілі.

 

       Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін қалыптастыру жөнінде:

       2017 жылғы 01.12. жағдай бойынша салықтық түсім сомасы 13770,5 мың теңгені құрады.

        Қосымша кіріс көздері бойынша: мүліктің жалдаудан түскен сома  816,2 мың теңгені құрайды, ерікті жиындар 50,0 теңге.

 

        ЖӨБ есебінен: балалар ойын алаңқайы, көше орындықтары мен қоқыс жәшіктері, кіре беріс арка, көрсеткіш және алдын алу белгілері орнатылды, сары масалар мен шіркейлерді дезинсекциялау, қаңғыған иттер мен мысықтарды ұстау, қыс мезгілінде орамішілік жолдарды ұстау жұмыстары атқарылды, баннерлер мен бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары іске асты.

       2018 жылға арналған бюджет жобасы жергілікті қауымдастықтың жиналысында  21.08.2017 ж. хаттама негізінде келісілді.

   

      Екібастұз қаласы әкімінің және Солнечный кенті әкімінің тұрғындармен 2017 жылғы есеп беру кездесулерінде Солнечный кентінің тұрғындарымен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру 

      

        1. Көше тренажерларын сатып алу және орнату.

         Екібастұз қалалық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 117/15   шешімімен бекітілген Екібастұз қаласының 2017 жылға арналған бюджетін нақтылау кезінде Солнечный кентіндегі № 3 БЖСМ филиалының аумағына спорттық көше тренажерларын орнату үшін «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2,0 млн. теңге сомасында қаражат бөлінген. Баға ұсынымдарына сұрау салу арқылы өткізілген 2017 жылғы 27 сәуірдегі мемлекеттік сатып алудың қорытындысы бойынша «Металл-Мастер» ЖШС жеңімпаз болып белгіленді, ол жұмыстарды шарт мерзіміне сай орындады.   

 

      2. Кіре беріс арқа орнату.

      «СТРОЙ БИЗНЕС- ЕКИБАСТУЗ» ЖШС 2017 жылғы 31 шілдеде 2240,0 мың теңге сомаға Солнечный кентінде кіре беріс арқа орнатты.    

     Кентті 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық дамытуда «Солнечный кенті әкімінің аппараты» ММ келесідей міндеттер қойып отыр:

 

1. 4 деңгейлі дербес бюджетті қалыптастыру жұмысы

2. Орамішілік жолдарды ағымды жөндеу.

 3. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту

 

 

Солнечный кентінің әкімі                                                М. Алшимбаева