Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл мемлекеттік қызметте орасан зор орын алады, осыған байланысты «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Запңын және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып, 2017 жылғы тамыздан бастап желтоқсан айына дейін мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге жеделдете оқыту бойынша курстар ұйымдастырды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  өз Жолдауында 2020 жылы мемлекетік тілді меңгерген қазақстандықтар саны  95% құрау керектігін атап өткен еді. Сондықтан да біздің басқармада мемлекеттік тілдің қарқынды дамуына аса зор назар аударылады. Мемлекеттік тілді жетілдіру бойынша жұмысты іске асыруға бағытталған іс-шаралар белсенді жүргізіледі.

Қазақ тілін білу деңгейін бағалауда  «Казтест» жүйесін қолдану жақсы дәстүрге айналған. «Казтест» жүйесі бойынша диагностикалық тест негізінде 2 топ: «А» тобы (А 1 және А2 деңгейіне тапсырғандар) және «В» тобы  (В1 және В2 деңгейіне тапсырғандар)құрылды. Оқыту курсы басқарма ғимаратының қазақ тілі кабинетінде жүргізілді. Қазақ тілі курсы аяқталғаннан соң барлық мемелкеттік қызметшілер тиісті сертификаттарға ие болды.