Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бәйет ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі туралы ауыл тұрғындары алдында есеп беру кездесу жиналысының тезистері

Баяндаушы Амантай Докторхан

/Бәйет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы/

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ардақты қауым!

 

         Биылғы жылы біз бүгін 2017 жылдағы атқарылған жұмыстардың қортындысын жасаудамыз. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев барлық Қазақстан қоғамының алдына мақсат етіп қойған «Ұлт жоспары – бес институтцинольдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы»   жоспарларын жүзеге асыру және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген іс-шараларды орындау, іске асыруды мақсат еттік. Ұлт жоспары – 100 нақты қадам – Қазақстан қоғамында мемлекетіміздің өсіп даму жолында адам және қоғамдық қатынастарды бір ізділендіру, халықтың әлеуметтік экономикалық әлеуетін көтеру, кәсіби мемлекет құру ауыл шаруашылығын дамыту, жеке кәсіп ашушы азаматтарға жеңілдетілген несиелер беру, адамдардың   құқықтары мен бостандықтарын ескере отырып барлық саланы ілгерлетудің нақты жоспары болып табылады.

      Бәйет ауылдық округінің құрамына Атығай және Бәйет ауылдары кіреді. Ауылдық округтің орталығы Бәйет ауылы Екібастұз қаласынан 30 шақырым қашықтықта Қаныш Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» су арнасының бойында орналасқан. Атығай ауылы Екібастұз қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан.  Бәйет ауылдық округі бойынша Атығай ауылында 110 отбасы, Бәйет ауылында 160 отбасы барлығы 270 отбасы бар.

       Ауылдық округ бойынша халықтың жалпы саны 1358 адам болса, оның ішінде еңбекке қабілетті адам саны 699, тұрақты жұмыс істейтіндер 616  адам, жеке негізде жұмыс істейтіндер 15 адам, қалалық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған 3  адам бар.

        Ауылдық округ бойынша зейнеткерлер саны 114, мектеп  жасындағы балалар саны 240, мектеп жасына дейінгі балалар саны 188,  I, II, және III топтағы мүгедектер саны 39 адамды құрайды.

Ауылшаруашылығы өнеркәсібі кешені саласы:

       Ауылдық округ бойынша есепті мерзімде 22 шаруақожалығы, 14 жекекәсіпкер, 1 ЖШС жұмыс істейді. Оның ішінде тұрақты жұмыс істейтіндер 20,  маусымдық жұмыс істейтін 2  шаруақожалығы бар. «Виктория», «Эльдорадо» шаруа қожалықтары көкөніс бау-бақша өсірумен айналысады. Қалған шаруа қожалықтар мал өнімдерін өндірумен айналысады.

       2018 жылдың 1 қаңтарында 2285 бас ірі қара мал, 3269 бас ұсақ мал, 727  бас жылқы тіркелді.  Есепті жылда 350 тонна ет, 260 тонна сүт өнімдері өндірілді. 80 тонна  бау-бақша өнімдері (картоп, сәбіз, қияр, қызанақ, қырыққабат, тәтті бұрыш, қызылша, қарбыз) өндіріліп ауыл жәрмеңкесіне сатылымға шығарылды.

 Қарасан, сібір жарасы, туберкулез ауруларына қарсы 2980 ірі қара малға, 4914  ұсақ малдарға екпе жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері 760 бас қара малға, 1755  бас ұсақ малға, 10 шошқа  сырғаланып базаға енгізілді. 2017 жылы 22 бас ірі қара мал, 1 қойдан сарып ауруы шығып, дер кезінде жойылды, Қашыр аудандық «Ет бастау» ЖШС  комбинатына өткізілді.

Әлеуметтік сала бойынша:

      Ауыл тұрғындарының көбі Бозшакөл тау-кен байыту комбинатында, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Астана-Өскемен» бағытында салынып жатқан жол құрылысында  жұмыспен қамтылған және «Восточный», «Богатырь» кеншілерінде жұмыс атқарады.

     Бәйет ауылдық округі бойынша МАӘК және балалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы  алушы отбасылары жоқ.

     Округ бойынша 2017 жылы 48 отбасына қайырымдылық көмір берілді. Әлеуметтік саланың қызметкерлеріне көмір берілді. 

       «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2017 жылы   Елеуиш Бекет жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін 3,0 теңге несие алды.

Халыққа қызмет көрсету саласы:

1. «Бәйет ауылдық округінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 18 өтініш түскен, Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 заңына сәйкес қаралып дер кезінде қанағаттанарлық жауап берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша 2017 жылы 318 өтініш түскен. Яғни мал басы және жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтама, мектепке дейінгі балаларға жолдама беру. Округ бойынша телефон, интернет, ұялы байланыс 100 % қамтамасыз етілген. Таза су КБМ модуль-блок құдығы, электрмен жабдықтау қызметі, пошта  қызметі, ауыл дүкендері  ауыл тұрғындарына қалтқысыз қызмет атқаруда.

2. Бәйет ауылдық округі бойынша «Отау ТВ» отандық  жерсеріктестігіне қосылған абоненттер саны 192 құрайды. Бәйет ауылында 64,1 %, Атығай ауылында 35,9 % пайыз қамтылған.

 Мәдениет, білім және денсаулық саласы:

Бәйет ауылдық округі бойынша Байет және Атығай ауылында 11 жылдық 2 орта мектеп бар. Оның ішінде Байет орта мектебінде 147 оқушы, Атығай да 90 оқушы. Шағын бала бақшаға 40 бала қамтылған. Екі елді мекендегі жалпы білім беретін орта мектептің материалдық техникалық базасы толық қамтылған. Округ бойынша осы мектептерде 54 мұғалім еңбек етуде. Бәйет ауылы мектебінің ұстаздары Қалалық «Көп тіл білу-өнер» ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Хуандық Ақерке 1-орын, Республикалық «Үздік ұстаз-2012» тарих пәнінің мұғалімі Тоқтыбай Алибек 3-орын иеленді. ҰБТ салыстырмалы қорытындысы бойынша 2016 жылы 86 %, 2017 65 %. Атығай ауылының ұстаздары Карамсакова Айгуль Тайбопеновна – бастауыш пәнінің мұғалімі «Халықаралық қашықтық олимпиада» 1 орын; Ардабай Елеусіз– «Қазақстан ұстаздары» қоғамдастығы ұйымдастырған қазақ тілі пәнінен І дәрежелі  дипломмен марапатталды. Каспакова Куралай Азаматовна -«Қазақстан ұстаздары» қоғамдастығы ұйымдастырған химия пәнінен І дәрежелі  дипломмен марапатталды. Атығай ауылынын мектебі 2017-2018 жылында қалалық пән олимпиадасында «Ең үздік ауыл мектебі» номинациясына ие болды.

Бәйет және Атығай ауылы оқушыларының жетістіктері. Республикалық «Фламинго – 2016» сайысында  Аязби Бошалан - 1 орын, Республикалық «Жарқын жұлдыз» 3 орын, Республикалық  «Нұрлы жол-болашаққа жол бастар» - 1-орын  Хуанар Даулетбек иеленді. Жетекшісі: Хузайыр Ө.

   2016-2017 оқу жылында Бәйет жалпы орта білім мектебі ҰБТ-да 65 %., Атығай жалпы білім беретін мектебі 100 % көрсеткішке жетті. Биылғы жылы Атығай білім беретін орта мектебін 1 оқушы бітіріп, білім грантын иеленді.

Бәйет ауылдық кітапханасы ауыл оқырмандарына қызмет етіп келеді.  Бүгінде кітапхана қорында 6237 кітап бар, оның ішінде мемлекеттік тілде- 2782 дана. Кітапхана ай сайын қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен жаңа буын оқулықтарымен, көркем ғылыми анықтамалық әдебиеттермен қамтамасыз етіліп тұрады.

         2017 жылы Байет және Атығай ауылдық клубында жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді. Екібастұз қаласының 60 жылдық мерекесіне орай қазақтын тұңғыш  режиссері Жумат Шаниннің 125 жылдығына арналған  ауылдық аймақтар бойынша семинар өткізілді.

         «Асыл әжелер» тобының жетекшісі Ахметова Рысты Иманқызы  мәдениет саласында атқарған көп жылдық еңбегі жоғары бағаланып,  Екібастұз қаласына сіңірген еңбегі үшін медалмен марапатталды.

      Байет ауылдық фельдшерлік пункті ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетсе, Атығай елді мекенінің тұрғындарына 1 медицина қызметкері қызмет көрсетеді. Осы жылы 26 бала өмірге келді. Бала өсімі ауылдық округтер арасында ең жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр. Онкология ауруымен ауыратын - 6 адам тіркеуде тұр. Ауылдық округі аппаратында жергілікті өзін-өзі басқару бойынша көше комитеттері, ақсақалдар кеңесі, әйелдер кеңесі тұрақты жұмыс істейді. Осы қоғамдық ұйымдар көшелер бойынша ауылдық өміріне, тыныс тіршілігіне байланысты мәселелерді шешуге, тұрғындар арасында ауылды көріктендіру, мәдени іс-шараларға қатыстыру, ағымдағы мәселелерді жедел шешуге жұмылдыруда үлестері өте зор екенін атап өтуіміз қажет. Сондай-ақ ауылда мешіт жұмыс істейді. Ауыл бойынша Атығайда 5 табын, Байетте 6 табын мал ұйымдасқан түрде бағылады. 2017  жылы Байет ауылдық округі бойынша тіркелген қылмыс саны- 2, оның ішінде 2 мал ұрлығы қылмысы тіркеліп 2 жедел ашылды.

      Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын тұрақтандыру жөніндегі мәселелер

Байет ауылдық округі бойынша 20 шаруа қожалығы мал өнімдерін, 2 шаруа қожалығы көкөніс, бау-бақша өнімдері 14 жекекәсіпкер мал өнімдерін өндірумен айналысады.

Ауылдық округ бойынша 3 дүкен халық тұтынатын азық-түлік тауарларын қол жетімді бағамен тұрғындарға қызмет етеді. Шаруашылықтар мен жекекәсіпкерлер және ауыл тұрғындары қосалқы шаруашылығындағы малдарына қажетті жем-шөппен қамтамасыз етіліп тұрады. Ауылымыздың шаруа қожалықтары қалада  өтетін жәрмеңкелерде  ет, сүт, көкөніс өнімдерін үнемі жеңілдетілген бағамен сатып, өңіріміздің экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Жоспар бойынша 7550 тн шөп дайындалып жеткізілді.

Құрылыс және жолдарды ұстау жұмыстарының барысы туралы

Бәйет ауылдық округі бойынша 2017 жылы Бәйет және Атығай ауылдарының ауылішілік жолдары заңдастырылды.

 Бәйет ауылдық округі бойынша Атығай ауылының кіреберіс жолдары 500 метр, ауыл ішілік жолдары 4 шақырымды барлығы 4,57 шақырым, Бәйет ауылының кіреберіс жолы 2 шақырым, ауылішілік жолдары 2,5 шақырымды құрайды. Бәйет ауылдық округі Бәйет ауылының 0,2 шақырым  кіре беріс қатты жол жабындысындағы шұңқырларды асфальттау жұмысын 2017 жылы   "ЭниТ" ЖШС және "АРАЗ-KZ" ЖШС атқарды.

      Атығай ауылы бойынша ауылішілік жолдары тегістеу ағымдағы жөндеу жұмыстарын "MULTI GRUP 21" ЖШС жүргізді.

2017 жылғы Бәйет ауылдық округінің бюджеттік бағдарламаларының орындалу барысы туралы:

«Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылға арналған бюджеті 30 миллион 738 мың теңгені құрады. Қазіргі есептік мерзімде бюджетте қаралған қаржының игеру 100 пайызға орындалып отыр.

1. Көше шамдарын ұстауға арналып бөлінген 1 млн 286 мың тенге 100 % орындалды.

2. Ауыл жолдарын қардан тазалау бойынша 553 000 мың тенге игерілді. «Абраев» ЖК және «Смагулова С.» ЖК  қатысып 100% орындалды.

3. Өңірлерді дамыту бойынша 1,418 мың тенгенің қаражатына Атығай ауылының ауыл ішілік көшелерінде жол шұнқырлары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Орындаған "MULTI GRUP 21"  ЖШС.

4. Ауыл халқын таза ауыз сумен қамту мақсатында құрылған КБМ модуль-блок кешеніне қызмет көрсету үшін 1,833 мың теңге бөлініп 100% орындалды.

5. Мүгедек балаларға үйде қызмет көрсету мақсатында әлеуметтік  қызметкерге бөлінген 521 мың тенге қарастырылып толық орындалды.

Жергілікті өзін-өзі басқару саласы бойынша:

     Бәйет ауылдық округі бойынша 2017 жылы ЖӨБ-дың ҚБШ есеп шотынан Бәйет және Атығай ауылдарыны кіреберіс қақпасын салу үшін 3 892 000 теңге, хоккей алаңы үшін 1 339 998 теңге, ауыл әкімі ғимарытының қоршауы үшін 1 140 458 мың тенге, көше бойына билбордтар орнату үшін 2  938 600 мың теңге, полигонды ұстау үшін, санитарлық тазалық және ЖСҚ жасату үшін 678 000 мың теңге қаражаты жұмсалды.  

        Екібастұз қаласы әкімінің 2017 жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы 

      1.Бәйет ауылында хоккей алаңын салу.

 Бәйет ауылының тұрғыны Лай Хухмет (өздігінен жұмыспен қамтылған)

Бәйет ауылдық округі Бәйет ауылында «Сердалиев» ЖК хоккей алаңының жүргізу жұмыстарын атқарды.

        Екібастұз қаласы ауылдық округтері, ауылдары мен кенттері әкімдерінің тұрғындармен 2017 жылғы есептік кездесулері барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстардың іске асыру жөніндегі іс-шаралардын орындау барысы туралы.

       Бадлан Енсеген, зейнеткер (Атығай ауылының тұрғыны)

       Атығай ауылында жолдарды жөндеу.

       Атығай ауылының жолдарын жөндеу бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізілді. 2017 жылғы 27 наурыз күні әулетті өнім беруші «Мультигрупп» ЖШС айқындалды. 2017 жылғы 30 наурызда келісім шарт жасалып жұмыстар толық атқарылды.

      Тоқтыбай Базанай, мектеп күзетшісі (Бәйет ауылының тұрғыны)

      Бәйет ауылында кіре-беріс арка орнату.

       Бәйет және Атығай ауылдарының кіре беріс аркалар орнатылды.

 

Құрметті ауылдастар! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Назарларыңызға рахмет.

 

 

       Бәйет ауылдық округі әкімінің

               міндетін атқарушы                                               Д.Амантай