Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қоянды ауылдық округінің әкімі М. Ахметзянованың ауыл тұрғындарының алдында елді – мекеннің әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есебі. (2017 жыл бойынша істелген жұмыстар және 2018 жылға жоспар)

2017 жылғы 27 шілдеде «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» мен «Екібастұз қаласы Бесқауға ауылы  әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерінін қайта ұйымдастыру туралы № 895/7 қаулысымен бекітілді.

Әкімшілік- аумақтық бірлігі Қоянды ауылдық округінің құрамына  4 ауыл кіреді: Қоянды, Құрлысшы, Теміртас, Бесқауға. Ауыл тұрғындарының саны  1227 адам. Бескауга ауылында - 450, Қоянды ауылында - 508, Теміртас ауылында - 102 , Құрылысшы ауылында- 167.

Ауылшаруашылық. Ауылдық округ аумағында 37 ауыл шаруашылығы бар, олардың 24-і шаруа қожалықтары, 13-і жеке кәсіпкерлер. 6360 тонна шөп дайындалды. «Болат», «Тілек», «Ахметов», «Әлғазы», «Алға», «Айша» және «Ажар» шаруа қожалықтары өз қаражаттарына асыл тұқымды бұқа өндірушілерін сатып алды.

Шағын бизнес. Ауылдық округте 6 қызмет көрсету орны: 4 - дүкен, 2 – дәріхана бар. Екі дүкенмен әлеуметтік маңызы бар өнімдер туралы меморандум жасалды.

Білім. Жалпы  білім беру тұрғысында бір орта мектеп Бескауға ауылында және бір мектеп Қоянды ауылында толық күн жұмыс істеп тұр.   Мектептерде  жалпы 146 окушы бар. Шаруақажалықтардың демеушілігімен Қарасу орта мектебінің оқушылары тегін бір мезгіл тамақтанады.  Мектеп ішінде  40 балаға шағын орталық балабақшасы жұмыс істейді .

Денсаулық. Бесқауға, Қоянды және Теміртас ауыл тұрғындарына Екібастұз қаласының № 2 емханасында, Құрылысшы ауылының тұрғындарына Екібастұз қаласының № 3 емханасыңда қызмет көрсетіледі. Ауылдық медициналық пунктінде үш медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Мәдениет және спорт.  Ауыл аймағында екі ауыл клубы мен бір кітапхана қызмет етеді. Жасанды шағын футбол алаңында іс-шаралары өтеді. Қысқы спорт түрлеріне арналған екі мұз алаңы дайындалды.

Бюджет. Бюджетті игеру – 100 %. Ауылда жергілікті құлақтандыру жүйесі және бейнебақылау бар. Қоянды ауылына баратын жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Теміртас ауылына кіретін жолды профилдеу бойынша жұмыстар өткізілді. Қоянды ауылдық округінде тіркелген заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың салықтары бойынша кассалық есепшоттармен (КҚО) түскен қаражаттарды жергілікті қауымдастықтың шешімі негізінде ауылдық округті жетілдіруге бағытталған. Бескауга ауылында балалар арналған ойын алаңы мен хоккей алаңы орнатылды, сонымен қоса, Бесқауға және Қоянды ауылдарында көшелер тренажерлері орнатылды.  Ауыл саябақтарын көркейту мен жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қоянды мен Бесқауға ауылының кіреберіс жолдарына көшпелі топтар орнатылды.

Әлеуметтік сала. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар саны - 5 адам. Қоғамдық жұмыстарға 7 адам қатысты. Бүгінгі күні ауылдық аймақ бойынша 90 пайызға кең ауқымды телефон жүйесіне қосылған. Ауылдың 98 үйінде алғашқы қазақ телевизиясы OTAU TV орнатылды. Барлық ауыл тұрғындары интернет желісіне қол жеткізе алады.

«2017-2021 жылдарға арналған өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы. 2017 жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысынан ерікті қоныс аударуға арналған «Өнімді жұмыспен қамту және 2017-2021 жылдарға арналған бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша бір отбасы Бесқауға ауылына көшіп келді. Келесі жылы шаруа қожалығын ашу және мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлап отырған алты отбасын көшіру жоспарланып отыр.

Тұрғын үй қоры. Елді мекендерді дамыту схемасына сәйкес жер телімдері жеке тұрғын үй құрылысы және жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу үшін беріледі. Осы негізде Қоянды ауылында 6 үй және Құрылысшы ауылында 1 үй салынды.

Демеушілік көмек. Мешітке көмір жеткізу «Тұрсын-ЕК» ЖШС-ге, ал ауылдың отбасы төмен жандарға және мүгедектерге, көпбалалы отбасыларына қатты отын тасымалдауға «Тілек» ш/қ мен ауылымыздың тұрғыны С.Ахметов  көмектесті. Ауылдық округтің шаруа қожалығы жыл сайын қарттар күні, Жаңа жыл мерекесін өткізу үшін жыл сайынғы қайырымдылық марафонына қатысуға демеушілік көмек көрсетеді.

Әлеуметтік-саяси жағдай тұрақты. Атқарушы билік органдары қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп моральдық-психологиялық климатты жақсартуға, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәртебесін көтеруге, мемлекеттік және ұлттық мерекелерді, әлеуметтік-саяси, спорттық және бұқаралық іс-шараларды өткізуге бағытталған іс-шараларды өткізді.

2017 жылға арналған барлық міндеттер толығымен орындалды.

2018 жылы атқарылатын нақты атқаратын жұмыстар:

- Құрылысшы ауылында медициналық пунктің ашу;

- Бесқауға және Қоянды ауылдарында ветеринарлық пункт ашу;

- шағын және орта бизнесті дамытуға жәрдемдесу;

- Жол жөндеу жұмыстарын өткізу және ауылды көркейтуге ықпалымды тигізу.

 

                          

Қоянды

ауылдық округінің әкімі                                   М. Ахметзянова