Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімінің міндетін атқарушысы М.С. Какожановтың 2018 жылдың қаңтарында тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлейтін ТЕЗИСІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік - Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл Екібастұз өнірінің онтүстік -батыс бағытында орналасқан. Халық саны 510 адам.

Ауылшаруашылық - Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы (мал және өсімдік шаруашылығы). Ауылда ауылшаруашылық бағытында 20 заңды тұлға бар. 2017 жылы 2 қожалық «Бокен-Агро» және «Алибек»  шарауа қожалығы ашылды, сонымен қатар 1 ауыл шаруашылық кооперативі ашылды.   

2017 жылы егіс алаңы 2900 гектарды құрады, соның ішінде бидай 1350, арпа 1550 гектар. Егіннің орташа түсімі гектардан 8 пайызды құрады.  2018 жылы егістік аланы 3500 гектарды құрайды, 2017 жылмен салыстырғанда егістік аланы 600 гектарға кеңейеді. 2018 жылға 1000 гектар жер өнделді.

Жалпы мал басы 5063, соның ішінде ІҚМ-2749, КҚМ-1693, шошқалар-42 және жылқылар -579 бас. Құстар -836. 3200 тонна мал азығы дайындалды.

«Талан» шаруа қожалығымен 3 тұрғын үй және екі 500 бас ірі қара мал ұстауға болатын мал шаруашылық базасы салынды. Қазіргі уақытта 518 ірі қара мал бар, соның ішінде 200 бас мал жемдеу аланында.

«Көктөбе» шаруа қожалығы кеңейтілген бордақылау базасы бар асыл тұқымды шаруашылықты құру жобасы жалғастыруда. Қазіргі уақытта қазақи ақ бас тұқымды ірі қара малдың саны 933 басты құрайды. Мал шаруашылық комплекстін құрылысының аяқталуы 2018 жылға жоспарланған.

2017 жылы ауылда ветеринарлық пункт салынып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде салтанатты түрде ашылды. Мал дәрігері жұмыс істейді, бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде профилактикалық ветеринарлық іс-шаралар жүргізеді.

Білім. Ауылда мемлекеттік және орыс тілдерінде білім беретін жалпы орта мектебі жұмыс істейді, онда 29 мұғалім жұмыс істейді, 2017-2018 оқу жылына оқушы саны 83 баланы құрады. Шағын орталықта– 15 балалар, 2 тәрбиешілер бар. Демеушілік көмек есебінен "Eurazia Copper Operating" ЖШС мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиеленушілерін және бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге ақшалай қаражат бөлінеді.

Денсаулық сақтау.  Денсаулық сақтау саласымен ұсынылған медициналық пункті бар. Медицина қызметкерлері жыл сайын, жоспарланған профилактикалық медициналық тексеріп-қарау мен қажетті іс-шаралар жүргізеді, дәріхана пункті жұмыс істейді. Жыл сайын «МЕД-КАР» және "ФлюКар" келеді.

Мәдениет.  Ауылдық клуб әзірленген жоспарларға сәйкес іс-шаралар өткізіледі. Барлық ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақытында жүргізіледі. Біздің ауыл шаруашылық қожалықтарына және «Eurazia Copper Operating» ЖШС мерекелік және спорттық іс шараларда демеушілік көмектері үшін алғысымыз мол.

Қызмет көрсету саласында - "Қазпочта" АҚ филиалы жұмыс істейді. Бұнда зейнетақы, жәрдемақы беруді және мерзімді басылымдарды жеткізілуі жүзеге асырылады. 5 дүкен жұмыс істейді.

Су жүйелері. Су ұңғымадан алынып, ұзындығы 5,3 шақырым қашықтықты су құбыры желілерімен беріледі. "Павлодаргидрогеология" ЖШС жер асты су қорларын растау үшін 7 ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілді, есеп қорғалды, су қоры бар. 2018 жылы «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ су құбыры жүйесін қайта құру жобасына тапсырыс беріледі. 

«Өңірлерді Дамыту» бағдарламасы шеңберінде көше жарығының ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 8 энергия үнемдейтін көше шамдары орнатылды. Сонымен қатар ветенинарлық пунктің  және шағын футбол аланыны жарығы үшін электр тасымалдау желісінің құрылысы аяқталды. Көшпелі топ жарығымен және учаскелік полиция инспекторының бөлмесіне шығуымен 7 дана бейнекамералар орнатылды. 495 метрлі 2 көшет отырғызылған аулаға қоршау өткізілді.

«Eurazia Copper Operating» ЖШС демеулік қаражаты есебінен 400 дана ағаш көшеттері отырғызылып, балаларға арналған алан орнатылды

Әкім аппаратына жалпы 24 жеке тұлғалардан  өтініш келіп түсті, заңнамамен белгіленген мерзім ішінде барлығы түсіндіріліп, қызметтер көрсетілді. 225 мемлекеттік және 21 нотариалдық қызмет көрсетілді.

         2018 жылғы жоспарланған жұмыстар: - су құбыры жүйесінің реконструкциясына жоба-сметалық құжаттарды дайындау; - ескі дала шамдарын энергия үнемдеуші шамдарына ауыстыру; - кіре беріс асфальтты жолдың орташа жөндеу жұмыстары;- су құбырының ағымды жөндеу жқмыстары.

Академик Әлкей Марғұлан

    атындағы село әкімі                                                               М. Какожанов