Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы ТЕЗИСТЕРІ

Құрметті ауыл тұрғындары!

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі тұрақты дамуының – ең негізгі тұстарын айқындап берді. Өркендеудің жаңа бағытын нұсқап, межелі мақсаттарды іске асыруға шақырды.

Ең алдымен адам капиталы мен әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін, сол арқылы тұтас халықтың берекелі өмірін көздейтін бағыттарды басым етті.

Яғни, жергілікті биліктің алдында өңірлерді дамыту үшін аса зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр.

Екібастұз ауылдық округінің жалпы жер көлемі 268,7 мың шаршы шақырым, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі 206,62 мың. гектар, егістік жер көлемі 687 гектар.

Ауылдық округінің құрамына: Төртүй, Ақши, Мыңтомар, Қаражар, Тай, Талдықамыс, Көксиыр ауылдары кіреді.

 Жалпы тұрғындар саны округ бойынша - 1153 адам: Төртүй ауылында -459 адам, жер көлемі 113,24 шаршы шақырым, Ақши ауылында - 55 адам, жер көлемі 34,76 шаршы шақырым, Мыңтомар ауылында - 116 адам, жер көлемі 34,55 шаршы шақырым, Қаражар ауылында - 61 адам, жер көлемі  32,33 шаршы шақырым, Тай ауылында – 346 адам, жер көлемі 29,2 шаршы шақырым, Көксиыр ауылында – 64 адам, жер көлемі 9,3 шаршы шақырым, Талдықамыс ауылында – 52 адам, жер көлемі 8,7 шаршы шақырым.

 Ауылдық округте 47 ауылшаруашылық құрылымдар жұмыс істейді, оның ішінде шаруа қожалықтар - 47.

Ауылдық округте барлық шаруашылық бойынша ірі қара мал саны - 7040 бас, қой мен ешкі - 9017 бас, жылқы - 2852 бас, түйелер – 13, шошқалар-10 бас, құстар саны - 1414.

2017 жылдың желтоқсан айына дейін әкім аппаратына 14 азаматтан өтініш қабылданды жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде 14 жазбаша, 12 – өтініш жер учаскесін сұрау туралы, 2 – тұрғын үй – коммуналдық сұрақтар туралы. Ауылдық округ әкімінің атына тұрғындардан түскен барлық өтініштер мерзімінде қаралды.

Ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы кесте бойынша Төртүй ауылында әр аптаның сейсенбі және Тай ауылында бейсенбі күндері 15:00 – 17:00 сағаттар аралығында жүргізіледі.

Төртүй ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда бір жоғарғы білімді дәрігер және төрт орта арнаулы білімді медбике жұмыс істейді. Тай ауылындағы медпунктте бір орта арнаулы білімді медбике жұмыс істейді.

Ауылдық округте екі орта, бір бастауыш мектептер бар, барлық оқушылар саны 132, білім беру саласында орта мектепте - 38 ұстаз, бастауыш мектепте - 3 ұстаз жұмыс істейді.

     Жалпы орта білім беретін мектептің жанындағы, жылы орын, жайлы төсекпен жабдықталған бюджеттік интернатта 10 оқушы білім алуда. Балаларға төрт мезгіл ыстық тамақ беріледі. Осы аталған мектептерде бүлдіршіндерге арналған шағын орталықта 25 бүлдіршін тәлім алуда. Олар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. «Айтжанов» жеке кәсіпкерлігі мектепке тегін картоп өнімін беріп көмек көрсетті. «ЭМПК» ЖШС аз қамтамасыз етілген мектеп оқушыларына мектеп киімдерін сатып әперді. Мектеп жаңа заманауи технологиямен, интерактивті тақтамен және жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған.

Ауылдық клубтар, пошта және кітапханалар жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. Екібастұз ауылдық округі бойынша кітапханаларда кітап қоры 11784 дана құрайды, оқырмандар саны 560 адам.

Округ бойынша жеті ауылдық елді - мекеннің көшелерінде 94 жарық шамдары жұмыс істеп тұр: Төртүй ауылында - 38, Ақши - 4, Мыңтомар - 6, Қаражар - 4, Тай – 32, Талдықамыс – 4, Көксиыр – 6.

Мал басын жұқпалы аурудан аман сақтау мақсатында, жыл бойы ветеринарлық профилактикалық жұмыстар өз мерзімінде өткізіліп тұрады.

«Достық», «Сұлтан» шаруашылық қожалықтары субсидиялау арқылы МТЗ-82 тракторын сатып алды. Малдарын асылдандыру үшін «Тұрсын» шаруашылық қожалығы субсидиялау арқылы үш бас тұқымдық бұқа сатып алды.

Көкөніс өсіру шаруашылығында «Айтжанов» жеке кәсіпкерлігі 4 га жерге картоп егіп, 9,5 тонна өнім алды.

Мемлекеттік атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады. Екібастұз ауылдық округінде учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді.

Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары ауыл азаматтарынан құралған ерікті сарбаздарда түнгі уақытта көшелерде патрульдейді.

 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша:

Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округін даму жоспары бойынша 2017 жылы атқарылған жұмыстар:

Екібастұз ауылдық округі бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018–2019 жылдарға арналған инвестициялық жоба жоспарлары:

1. Екібастұз орта мектебінің терезелерін алмастыру бойынша күрделі жөндеу – 10,125 млн.теңге;

2. Ауылдық округ көшелерін жарықтандыру бойынша энергия  үнемді шамдар орнату – 200,0 мың теңге;

3. Төртүй ауылында су құбыры құрылысы – 200,0 млн.теңге;

4. Ауылішілік жолдарды жөндеу – 8,0 млн.теңге;

5. Өрт сөндіру постын құру – 5,0 млн.теңге.

  1. Әлеуметтік азық-түлік дүкенін ашу – 500,0 мың теңге.

Алдағы уақытта «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Елбасымен қойылған міндеттерді іске асыру тұр, стратегияның негізгі мақсаты - біздің азаматтарымыздың әлеуметтік қауіпсіздігі мен амандығы болып табылады.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Екібастұз ауылдық                                                                 

округі әкімінің м.а.                                                    Қ.Б. Асылов