Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шиқылдақ ауылы әкімінің міндетін атқарушы Г. Т. Еңсебаеваның 2017 жылғы қаңтар айында тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлейтін ТЕЗИСЫ

Әкімшілік-аумақтық бірлік. Шиқылдақ ауылы  Екібастұз қаласының онтүстік-батыс жағында орналасқан. Жалпы алғанда ауыл-шаруашылық 116 000 гектар жері бар. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарының саны 505 адам, оның ішінде еңбекке қабілетті адамдар-290, зейнеткерлер-44, оқушылар және студенттер -93, мектепке дейінгі балалар саны-69, мүгедектер-9.

Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығымен айналысатын 23 шаруа қожалықтары мен 7 жеке кәсіпкер ұйымдастырылған. Негізінен шарауашылықтар мал өсірумен айналысады.

2017 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікі дамыту» бағдарламасы арқылы 2 адам шағын несие алды. "Ырыс" шаруа қожалығы Алькебаева К. 12,6 млн. тг. несие алып 67 бас қара мал сатып алды. "Марғұлан" жеке кәсіпкер Хойлыбай Жанерке 1,3 млн. тг. несие алып, 10 бас қара мал сатып алды.

Шаруа қожалықтарымен дайындалған 2430 тонна шөп өнімі қыстаққа жеткілікті жеткізілді.

Ауылшаруашылық техниканы жаңарту және жайылымдарды суландыру бойынша- ШҚ "Табигат" лизингқа трактор МТЗ-82,1 жабдықтарымен сатып алды, шалғы, КАМАЗ автокөлігін  өз қаражатына сатып алды;  ЖСШ "Жарсор", 1 құдық  бұрғыланды, пресс жинақтауыш, тырнауыш, шалғы -өз қаражатына сатып алды.

«Жанаауыл» ЖШС-мен 2017 жылы Жанаауыл қыстағында 2 мал шаруашылығы базасы салынды, 1-і жөндеуден өтті. 100 бас қара мал алынды. Қалада мал сою пукті салынып ет өңдеу цехы (әртүрлі шұжықтар қоспаларсыз,қазы, құс еті) және сойыс қалдықтарын жоюына өңдеу цехы( жем өндірісіне арналған) салынып пайдалануға берілді.

Білім. Жалпы орта білім беретін 1 мектеп жұмыс істейді, мектепте 83 оқушы

білім алады, 0 мен 5 жас аралығында 69 бала бар. Барлығы-31,оның ішінде мектеп алды даярлық тобында- 11 бала, шағын орталықта-20 бала қамтылған. Жалпы біліммен қамтылған жасөспірімдер -100%. Мектепте Интернет жүйесі қосылған. 2017 жылы Комсомол жалпы білім беретін мектебінде терезелер мен есіктерді ауыстыру бойынша күрделі жұмыстар жүргізілді.

Денсаулық сақтау. Медициналық пункт СЭС талабына сай, пунктке арналған жабдықтар бар. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бекітілген графигі бойынша медицина саласының мамандары келіп қабылдау өткізіп тұрады. Жылына бір рет жылжымалы флюкар мен жылжымалы медициналық МЕД-КАРу келіп тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Әлеуметтік саласы. Бүгінгі күні жұмыспен қамту бөлімінде 5 адам есепте тұр,

қоғамдық жұмысқа тартылған. Ауыл көлемінде тұратын мүмкүндіктері шектеулі

және көп балалы отбасыларына бюджеттен бөлінген 60 тонна көмір («Nomad» шаруа қожалығымен) тегін тасылып таратылып берілді. Ауыл тұрғындары 2017-2018 жылдары кыс мерзіміне 100 пайыз ағаш пен көмірмен камтылған, сатып алынған көмір бағасы -Екібастұз көмірі бір тоннасы-5000 теңге, Майкөбе көмірі тоннасы-10000 теңге.  Ауыл тұрғындарымен дайындалған 1830 тонна шөп өнімі қыстаққа жеткілікті жеткізілді.

Спорт және мәдениет. Ауылдық клуб сиымдылығы 80 орындық. Мәдени іс-шаралар бекітілген іс-шаралар бойынша атқарылады. Қазақстан Республикасы бойынша бекітілген ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақытында аталып өтеді.

Ауыл кітапханасының жұмысы өзінің жоспарына сай жүргізілуде. Кітап қоры 10569 дана. Ақырғы жылдары кітапхана мемлекеттік тілдегі кітаптармен толығуда.

Ауыл жастары мерекелерге арналған спорттық іс-шараларға үнемі қатысып отырады. Үнемі спортпен шұғылданатын жастар пайызы 100%. Шағын футбол алаңына  жарық,орындықтармен урналарды орнату жұмыстары жүргізілді.

Инфроқұрылым. «Казпошта»АҚ бөлімшесі ауыл тұрғындарын ақпарат құралдармен қамтамасыз етуде, зейнеткерлерге зейнет ақы мен әлеуметтік жәрдемақылар уақытында жеткізіліп, таратылады.

«Эльтранс» ЖШС- мен ауылдағы данқ аллеясын жайластыру жұмыстары жұргізілді.

Ауыл тұрғындары «Отау ТВ» ұлттық спутникалық теледидармен қамтамасыз етілуде. Ауыл бойынша қосылу 75 пайызды құрайды.

Телефон байланысы, бүгінгі күні әр үйге терминал орнатылды ақаусыз жұмыс істеуде.

Таза сумен қамтамасыз ету: КБМ орнатылған, жұмыс істеп тұр. 2017 жылы ауылда су құбырының салуына жобалық сметалық құжаттамасы  әзірленді.

Ауылда көше жарығы қамтамасыз етілген. Жыл сайын энергия үнемдейтін шамдар орналатуда. Төрт бейнекамера ауылға кіру және шығуларына орналастырған, төртеуі әкімдіктін ғимаратына.

Ауылға кіреберіс және ішкі жолдардың тиісті жағдайында ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізілуде. 2017 жылы ауылға кіреберіс жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Көркейту мен жасылдандыру бойынша сенбіліктер өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар 2017 жылы  ауылда «Каскад-Строй» ЖШС- мен ветеринарлық пункт және «Сенькович» ЖШС- мен  екі пәтерлік 2 тұрғын үй  салынды.

Ауылдық елді-мекендердің санитарлық тазалауын қамтамасыз ету –қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны қоршалды. Ауыл бойынша тұрғындардың қыстан шыққан көн-қоқыстардың, ауыз суларын тасумен МТЗ-82,1 тракторы атқарады жеке кәсіпкер «Баякашевка» сенімгерлік басқаруға берілген.

 «Жарсор» ЖШС-мен  ауылдық Құлболды батыр атындағы мешітте өз қаражаттарына күрделі жұмыстар атқарылды.

Қоғамдық-саяси жағдай-тұрақты. Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық ұйымдармен бірге ауылдың моральді психологиық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамды-саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізеді және өткізілуде.

2018 жылға Шиқылдақ ауылының дамытуға алға қойылған тапсырмалар:

- Шиқылдақ ауылының көлемінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуға көмектесу,

- ауыл көшелерін, жеке меншік аулаларын санитарлық талапқа сай ұстау жұмыстарын жүргізу, таза сумен қамтамасыз ету,

- кіреберіс және ішкі жолдарды тиісті жағдайын қамтамасыз ету, қосымша көше жарығын орнату және ұстау, ауылды көркейту мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

- ЖСҚ әзірлеу ауыл ішкі жолдарына орташа жөндеу жүргізуіне;

- ауылда орталықтандырылған су құбырының құрылысы;

- Комсомол ОМ шатырдың күрделі жөндеуі;

Шиқылдақ ауылы

әкімінің м.а.                                                             Г. Еңсебаева