Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылы елді мекендерді дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы ТЕЗИСІ

Әкімшілік – аумақтық бірлік: Ақкөл ауылдық округі Екібастұз қаласының Солтүстік шығысында орналасқан. Жалпы жер көлемі 185323 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы  жер  көлемі 20620 гектар, егістік жер көлемі 9200 гектар.

Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща, Жақсат ауылдары кіреді. Аула саны - 226.  Жалпы тұрғындар саны  1023,  жұмысқа қабілетті адамдар - 611   зейнеткерлер  110,  мүмкіншілігі шектелген жандар  26, 8 сәби дүниеге келсе, 4 адам қайтыс болды.   Округ көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар жоқ. Халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны - 4.  Ақылы қоғамдық жұмыспен 4 адам қамтамасыз етілді. 

Ауылшаруашылығы: Ауылдық округ бойынша  36 шаруа қожалығы  бар.    Шаруа қожалықтарының үлесіндегі  жер  - 23636 гектар.

Ауылдық округінде ірі қара мал  - 6163, сиыр - 3381,  қой мен ешкі - 3858, жылқы - 4204,  құс -1110.

Қыстық пішен дайындау жұмыстарына   60 трактор, 64 шалғы, 120 адам қатысып, жоспар бойынша   12000 тонна пішен асуымен дайындалды.

Ақкөл ауылында ветеринариялық пункт ашылып, 4 тұрақты жұмыс орны ашылады. Өлген малды малқорымына жеткізуді  ветеринариялық инспекторлар жүзеге асырады.

Өткен жылы 2 жеке кәсіпкер, 4 шаруа қожалығы малшаруашылығы бағытында ашылып, 6 жаңа  жұмыс орындары ашылды.  Бүгінгі күнде қуанарлық жетістігіміз, 13 шаруа қожалығы субсидия алса,  6 шаруа қожалығы    асыл тұқымды мал басын өсіреді. 

 Есепті жылы  Екібастұз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы мен Павлодар облыстық  кәсіпкерлік бөлімінің мамандары келіп, ауылдық округінің тұрғындарымен  жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша және Екібастұз қаласының бақылау органдарының мамандары келіп кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын  өткізді.    Мемлекеттік атаулы көмек  туралы  жаңа форматын түсіндіру жұмысы әр үй басына барып, түсіндіру жүргізіліп, жазбаша хабарламалар таратылды.

  «Әшім» шаруа қожалығы 6 000 000 тенге несие алып шаруашылығын ұлғайтса,  «Қайыркелді» ЖК.  5 400000 тенге  қаражат  алып   өз шаруашылығын  ашты.

Білім, мәдениет, денсаулық және әлеуметтік салалар: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша,   биыл 1 жас маман келді.

         Мектептің жанындағы   бюджеттік интернатта     8  бала  жатып білім алуда, тегін тасымалданып, ыстық тамақпен қамтылған.      Тасымалдауға қаралған  858  мың тенге қаражат  игерілді.

Ақкөл және Шідерті мектептерінде 39 бүлдіршін     шағын орталықта  толық  күнге  тәрбиеленуде.   

Ақкөл   және Шідерті   мектептеріне  16  бейне бақылау камералары, орнатылған. Сондай-ақ,  Жақсат ауылына  тұрғындарды құлағдандыруға арналған  дыбыстық хабарлама орнатылды.

 Ақкөл,   Шідерті,    және Жақсат  мектептері  толық     қатты отынмен қамтамасыз етілді.     

Білім саласындағы өткен жылғы үлкен жетістіктеріміз:

  ҰБТ- ге қатысқан 4 түлектің орта баллы 81,2 пайызды құрады.

АЖОББмектебі «Ең үздік тәрбие ортасы» аталымында Екібастұз қаласы әкімінің  серитификатымен  марапатталса, ұстаздар ұжымы Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Тәрбие жұмысының жетістігі» үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды.

 Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша өткізілген іс шараларға  оқушылар мен ауыл тұрғындары 100 пайыз қатысып тұрады. Спорттық шаралар жоғары деңгейде өтіп тұрады.

Ақкөл жалпы орта білім беретін мектептің электр жүйесі күрделі жөндеудін өткізілді.

         Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы мен Зеленая роща ауылындағы медициналық пункт халыққа үздіксіз  қызмет көрсетіп тұр.

      Жедел жәрдем автомашинасымен қамтамасыз етілген. Заман талабының медициналық құралдарымен, компьютерлермен жабдықталған және 1 жылжымалы дәріхана жұмыс істеп тұр. Дәрі-дәрмекті Зеленая роща және Жақсат ауылдарына апарып сату жолға қойылған.     Профилактикалық және жылжымалы флюрографиялық  тексеруден  109  адам    өтті.

Ауылдық округіне республикалық «Денсаулық жолы» акциясына байланысты маман дәрігерлермен бір рет жылжымалы медициналық автокөлік  келіп  395  адам  медициналық  тексеруден  өтті.

Ақкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясы электрлі жылытқышпен жылытылады. Зеленая роща  ауылының медициналық пункті қыстық отынмен    қамтамасыз етілді.

Ақкөл және Зеленая роща ауылының клубтарында түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Ауыл жастары мен тұрғындарынан құрылған көркемөнерпаздар  үйірмелерінің мүшелері қалалық, аумақтық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы  аясында «Туған жерге тағзым» атты демеушілік шарада «Исабек ишан» кесенесінде 120 метрлік құйма тас төселіп, намазханаға  «Мұхамед-Нияз» атауы берілді. Екібастұз қаласының «Өнер» мәдениет үйінде 1975 жылғы Ақкөл мектебінің түлектері мұғалімдер күні қарсаңына әнші Р.Әлқожаның қатысуымен «Ұстазым менің ұстазым» атты ауқымды  шара  ұйымдастырды.

         «Ауылым –алтын бесігім»  акциясында 120 түп қарағай шыршасының көшеттері отырғызылып, соңы жолдастық спорттық шаралармен ұласты. 

«Туған жерге тағзым» атты екі киелі жердің достық қарым -қатынасын нығайту мақсатында Баянауыл ауданы Теңдік ауылымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып,   «Айналайын –достық көпірі» тақырыбында фестиваль ұйымдастырып, екі ауылдың зиялы қауымдарының қатысуымен   тыныс –тіршілігімен танысу өткізілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  ауыл жастары спортпен өте тығыз байланыста, Екібастұз қаласының 60 жылдығы және  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдық округ командалары арасындағы спорттық олимпиядалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша ІІ спартакиадада 2000000 сертификатын жеңіп алды.    Ауылдық округ жастары ұлттық ат спорты «Көкпар», «Қыз қуу» және «Теңге алу» ұлттық ойындарын жиі ұйымдастырады. Республикалық ат спорты жарысына   А.Каримов пен Е.Егінбай   қатыстып жүлдеді орын иеленді. Көкпаршыларымыз «Көкпар» ұлттық ойынынан облыстық құрама командасының мүшелерінің құрамына кірді.

Ақкөл   және Зеленая роща ауылының клубтары жылу беру маусымына толық  дайындалып, қызмет көрсетіп тұр.  

Ақкөл ауылында орталықтандырылған кітапханадағы кітап қоры 8952 дана, соның ішінде  қазақ  тілінде  7445 дана  кітап  бар.  Оқырмандар саны 724, оның ішінде  61 мектеп оқушылары. 

Ауылдық округінде 100 пайыз сымсыз телефон байланысымен қамтамасыз етілген.

          Ауылдық округі бойынша «Отау ТВ»   сандық спутниктік телеарнасына 90 пайыз қосылған.  Билайн және Актив ұялы телефон байланысы бар.

         «Отау ТВ» сандық спутниктік антеннасы құрылып жатыр, келешекті осы арнамен тұрғындарды  100 пайыз қамтимыз.

          «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша:   

Елді мекендерді көріктендіру:  Ауылдық округінде, ауыл көшелерінің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында    10000 тонна көң-қоқыс арнайы орынға  шығарылды.

         Түнгі көшелерді  жарықтандыру үшін бюджет есебінен бөлінген жалпы

1359 000 теңге  қаражат мақсатты  игерілді, бұның ішінде  жергілікті қолмақол ақшаны бақылау шотынан 170 000 тенгеге электр қуатын үнемдегіш шамдары ауыстырылды.

Ауылдық округі бойынша 25 шақырым кірер жолды ұстауға  бюджеттен  қаралған 1586000  теңге  қаражат   мақсатты игерілді.

         КБМ-дерді ұстауға бюджет есебінен қаралған 5 478 000   тенге қаражатқа   сүзгілері,   су сорғыштары, электр қуатын тұрақтандыру құрылғылары     ауыстырылды.   

         «Жайылма жазирасы»   саябағын ұстауға 253 120 тенге, 

Ақкөл, Жақсат ауылдарына кіреберіс жолдарын жөндеуге 599 807 тенге және бейнебақылау камераларын орнатуға  226 000 тенге    қаражат жұмсалды.

          Ақкөл   ауылының  көшелерінде 7 бейне бақылау камералары тұр.

          Зеленая роща  ауылында шағын жасанды футбол  алаңына бөлінген 1 200 000 тенге қаражат   игерілді.

         Ақкөл ауылының Кеңес көшесінің жолына бөлінген қаражатты «MULTI-GRUP 21»  ЖШС-гі  конкурсты ұтып алып, 8 250 000 тенге қаражатқа  асфальт төседі.

Мемлекеттік органның күрделі шығысы бойынша 3326000 тенге қаражатқа  қызметтік  автокөлік  және 1 компьютер алынды.

Ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсесінде тұрғындарға анықтамалар үшін өзіне – өзі мемлекеттік  қызмет көрсету бұрышы  ашылды.

         «Өңірлерді   дамыту»  бағдарламасы бойынша  1 226 000 тенге  қаражатқа Ақкөл, Зеленая роща және Жақсат ауылдарының жолдары жөнделіп, құм төселді.  

         Ақкөл ауылының кірер жолына орта жөндеу жұмыстары  жүргізү үшін, 23 900000 тенге қаражатқа конкурс өткізіліп, «МЕТА ЛТД» ЖШС –гі ұтып,  биылғы жылы 8911000 тенге қаражатқа жөндеу жұмыстарын жүргізді.

          Ауылдық округінің аз қамтамасыз етілген отбасыларымен мүмкіншілігі шектелген жандарға «Богатырь- Көмір»  жауакершілігі шектеулі серіктестігінен қайырымдылық  ретінде бөлінген қыстық қатты отын, көмір тегін жеткізіліп берілді.

         Ауыл тұрғындарына «Табыс»,  «Қабен»   жеке меншік иесі Н.Сұлтанов пен «Айдар», жеке кәсіпкер Б.Камариденов, «Амантай», «Бесағайын»,   «Тұрар», «Әл-Кәусар», «Шпекбай» және «Әшім» шаруа қожалығының басшылары  үнемі  демеушілік  жасап, азаматтық танытып тұрады.   

Атқарылатын жұмыстар: Ақкөл ауылдық округінде  2018 жылы :

1. Ақкөл,Зеленая роща, Жақсат ауылдарының  жолдарын жөндеу.

2. Ақкөл ауылына 4 билборд орнату.

3. КБМ-нің  алдына  құйма тас төсеу.

4. Ақкөл ауылына орталықтандырылған су құбырын тарту.

5. 200 түп жас желек отырғызу.

 

 

 

Ақкөл ауылдық округі

әкімнің міндетін атқарушы                            Б.Ахтаев