Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Теміржол ауылдық округі әкімінің 2018жылдың 1 қаңтарына халық алдындаберетін есебінің тезистері

Теміржол ауылдық округінің аумағы 24714 га құрайды, онда төрт елді мекен орналасқан:Құлакөл, Құдайкөл, Қарасор ауылдарыжәне №3 бөлімше. Халықтың жалпы саны1328адамды құрайды.

Әлеуметтік саласы

2017жылдың қаңтар айынан бастап округ бойынша 16бала туды. Барлығы 29мүгедек тіркелген.2017жылдың  1 қаңтарына қоғамдық жұмыстарда 8адам тіркелген. Атаулы әлеуметтік көмек және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алатын отбасы- жоқ.

         Әлеуметтік көмірмен мүгедектер мен аз қамтылғаң отбасы қамтамасыз етілді.  

Округ аумағында "Қазпоштаның" екі бөлімшесі қызмет етеді, олар зейнетақы, жәрдемақылар берумен және мерзімді басылымдарды жеткізумен айналысады.

Теміржол ауылдық округінің аумағында ұсақтас өндірумен айналысатын 4 карьер, құм шығаратын 1 кен-байыту комбинаты жұмыс істейдіжәне 11жеке кәсіпкер мал өсірумен айналысады.

Денсаулық сақтау

Ауылдық округ аумағында 3 медициналық пункт жұмыс істейді. Округ халқына медициналық қызметті Екібастұз қаласының №1 емханасы көрсетеді. 2017жылдың маусым айында округ халқынЕкібастұз қаласынан келген бір топ дәрігер медициналық тексерістен өтткізді.2017жылдың тамыз айында округке "Саламатты Қазақстан" пойызы келді. Қыркүйек айында округке халықты флюорографиялық тексерістен өткізетін қозғалмалы қондырғы келді.

Білім

Округ бойынша 3 жалпы білім беретін мектепте 209 оқушы білім алып,82

мұғалім жұмыс істейді. Әр мектеп бойынша 20 орынға арналған шағын орталықтар жұмыс істейді. №3 бөлімде тұратын 24 оқушы тасымалдаумен қамтылған.

Мәдениет

Округ бойынша 3 ауылдық клуб бар, олар жұмыс жоспары бойынша мәдениет бөлімі бекітілген шараларды өткізеді.Сатирикалық, вокал және би үйірмелері үйымдастырылған.

Президенттің "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында туған өлкенің тарихымен танысу, Ақбидайық шатқалында қала және ауыл жастарымен экскурсия ұйымдастырылдыжәнеҚұлакөл ауылына Швейцариядан келген Андре Бос турист Ақбидайық аясында экскурсия жасады.

2017 жылдың қараша айында Құлакөл ауылдық клубында Екібастұз қаласының 60 жылдығына және «Отарқа» газетінің 25 жылдығына орай редакция ұжымымен "Отарқа бар - от жүрегі тоқтамаған" атты кездесу өтті.

         Біздің ауылдық клубтар Екібастұз қаласында өткен облыстық 18 этномәдени фестивалінің қатысушылары.

         Округте 3кітапхана бар, олардың кітап қоры 14732кітапты құрайды, оның ішінде 5991-іқазақ тілінде. Оқырмандар саны -610адам.

Спортты дамыту

Мектеп спортзалдарында ауылдық округ халқы үшін кешкі уақытта волейбол, баскетбол, үстел теннисі бойынша спорт секциялары ашылған, сонымен қатар, тренажерлық зал бар. Ауыл жастары спорттық шараларға белсенді қатысады, округта волейбол және баскетболдан спорт секциялары өткізіледі.

2017жылдың мамыр айында Құлакөл ауылында Жаңа ауыл көшесінің бойында тағы бір балалар ойын алаңы орнатылды. 2017 жылдың тамыз айында Құлакөл ауылында спорт алаңына қоршаулар орнатылды. Құдайкөл ауылында дала тренажерлары орнатылды. Жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен айналысатынбарлық жастағы халық үлесі 2017жылы 45%құрады.

Округте алты балалар ойын алаңы бар: үш алаң Құлакөл ауылында орналасқан және Құдайкөл, Қарасор ауылдарында, №3 бөлімде бір-бірден.

Ауылшаруашылығы

         Теміржол ауылдық округінде 336аула бар, оның 154 - дежеке қосалқы шаруашылық бар. Ауылдық округте мал өсірумен айналысатын 20 шаруа қожалығы орналасқан.

Ауылдық округ бойынша мал басының жалпы саны ірі қара -2146 бас, ұсақ мал -2926 бас, жылқы -1012бас, құстар -659бас.

Округта екі мал дәрігері жұмыс істейді, олар жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізіп отырады. Округте ауылшаруашылық жануарлар ауруларының таралуы тіркелмеген.

Құқықтық тәртіп

2017жылы округте мал ұрлаудың алдын алу мақсатында 8жиналыс өткізілді.Құқықтық тәртіпті қорғау үшін ауылдық округте "Сарбаз" қоғамдық құрылымы құрылған, оған округтың 15 тұрғыны қатысады.

Инфрақұрылым

Халық Қалқаман ауылынан жеткізілетін ауыз суымен қамтамасыз етіледі.   Жалпы сомасы 812, 2 млн. теңгені құрайтын су құбырын Қарасор және Құлакөл ауылдарына тарту жоспарланған. ЖСҚ бар және мемлекеттік сараптамадан өтті. Су құбырын тарту үшін конкурс жарияланды. Жұмыстар 2018 жылы басталады.

Округ бойынша төрт ұңғыма жұмыс істейді.

Құлакөл ауылының электр желісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді: бағандар ауыстыру, ауа желісін қайта тарту, ағаштарды кесу жүргізілді. Округ бойынша 11 бейнебақылау камералары, 4 жергілікті хабарлау жүйелері орнатылды.

Құлакөл және Құдайкөл ауылдарында жалпы сомасы 2,7 млн. теңгені құрайтын кіреберіс аркалар орнатылды.

Жылыту мезгіліне қарай әлеуметтік объектілер көлемі 1230 тонна көмірмен қамтамасыз етілді.

 

 

Е.Қасеналин, Теміржол ауылдық округі

әкімінің міндетін атқарушы