№ 7 ХАБАРЛАМАСЫ
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының
2013 жылғы 7 тамыздағы
№ 7 ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 57-тармағы негізінде Құдайкөл ауылдық округінің әкімі болып тіркелді:
Винс Николай Андреевич, 1986 жылы туған, «Құдайкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Құдайкөл ауылдық округінің Құдайкөл ауылында тұрады.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы