Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әкімнің өмірбаяны

Ержан Бейбітұлы Иманзаипов – Екібастұз қаласының әкімі.

Ержан Бейбітұлы 1984 жылы туған, қазақ, екі жоғары білімі бар, 2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша, 2010 жылы –  Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы болып бастады.

2006 жылдан 2007 жыға дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитетінің жетекші маманы қызметін атқарды.

2007 жылдан 2011 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жетекші маманы, сарапшысы.

2011 жылдан 2013 жылға дейін – Ақмола облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті директорының орынбасары.

2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма басшысы, директордың орынбасары.

2014 жылдан 2016 жылға дейін – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2016 жылдан 2017 жылға дейін – Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметін атқарды.