Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Электронды үкімет» порталын пайдалану дағдыларына оқыту

Бүгін «Қызметті өзің ал!» акциясы шеңберінде Екібастұз қаласының әкімдігімен  орталық кітапхана  құрамында  мемлекеттік қызметтерді алу кезінде «Электронды үкімет» порталын пайдалану дағдыларына тұрғындарды  оқыту ұйымдастырылды.

Оқытуды Мемкорпорация қызметкерлері негізгі қажетті мемлекеттік қызмет көрсетулерді  алуды көрсетумен өткізді. Сондай-ақ, тыңдаушыларға  өздерін қызықтыратын  мәселелері бойынша Мемкорпорация  және электронды жүйе арқылы  мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі мен тәсілдері түсіндірілді.

Бұл акцияға тыңдаушы ретінде ардагерлер кеңесінің өкілдері, орталық кітапхана, мұражай, қаланың мәдениет және достық үйлерінің  ұжымдарымен, зал оқырмандары қатысты.

«Қызметті өзің ал!» акциясы 2018 жылы да қаланың және  ауылдық елді мекендердің еңбек ұжымдарына барумен  жалғасатын болады.