Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жаңа жылдық шырша өткізілді.

2017 жылғы 22 желтоқсанда «Өнер» ҚМО-да Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкеновтің қатысуымен мүмкіндіктері шектеулі балаларға және жетім мен ата -анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған Жаңа жылдық шырша өткізілді.

Шырша, мерекелік безендіру мен кейіпкерлер костюмі қойылымды одан әрі түрлендіре түсті. 80-нен астам баланың ішінен әдеттегідей ең әдемі карнавал костюмдері бар балаларға естелік сыйлықтар берілді.        

Жүлделі орындарды иеленген  Айтбаев Ильяс, Тимощук Андрей мен Сарман Нурай сыйлықтар алды. Жаңа жылдық шыршаға  қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйлерінен мерекенің жақсы өткенін байқауға болады. 

Соңына қарай әр бала Екібастұз қаласының әкімі Қ. Нүкеновтен мерекелік сыйлықтар алды.