Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Білгір» сайысы өтті

Екібастұз қалалық сотында  судьялар мен сот мамандары арасында  «Білгір» сайысы ұйымдастырылды. Бұл  сайыстың қойған мақсаты «Рухани жаңғыру- болшаққа бағдар» бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау болды.

Сайыста төрт топ қатысты: «Болашақ», «Күншуақ», «Тәуелсіздік қырандары», «Әділет».Бірінші кезеңде таныстыру болды. Қатысушылар үлкен жауапкершілікпен ұранын таңдап, төсбелгісін жасағанын, безендіруде слайдтар дайындағанын көрсетті. Екінші кезеңде  мақал мәтелдерді білуде сайысты. Ең қызықты және белсенді өткен «Туған өлке туралы»  викторина «Ата салт-дәстүр-асыл қазына» кезеңдері болды, бұнда қатысушылар,туған өлкесінің тархын, халық салт-дәстүрін білетінін бір бірін қостап, бір бірімен  жарыса көрсетті.  Соңғы кезеңде қатысушылар мақтанышпен өңіріміздің ұлағатты  тұлғалары туралы әңгімеледі. 

Сайыс қорытындысы бойынша  «Әділет» командасы жеңіп шықты. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталды.    

Сайысты әділ қазылар алқасынан қорытындылаған сот төрағасы бұндай сайыстар тек қана танымдық жағынан ғана емес, жалпы сот қызметкерлерінің рухани, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына әсері мол деп атап өтті.

Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі