Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының және ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

 «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: aitkeshova.ae@pavlodar.gov.kz,  Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті

атқарушы органдарының және ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

 

«Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» ММ әкім орынбасары, EG-1 санаты (№ 03-01-01-1), 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы қызмет өтіліне байланысты 122424,66 теңгеден 164898,52 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Поселкенің әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына әрекет етеді. Мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды, азаматтардың жиналыстарын, сайлауларды, референдумдарды өткізу жұмыстарын басшылыққа алады және жүргізеді. Учаскелік сайлау комиссияларының жұмысын жүргізеді.Қала әкімінің, поселке әкімінің есеп беру кездесулерінде азаматтардың  түскен өтініштерін, ұсыныстарын, сын-ескертпелерін орындау бойынша жұмыстарын жүргізеді. Қызмет бабында пайдаланатын (ҚБП) құжаттар жұмысын үйлестіреді. Әлеуметтік  осал топтағы тұрғындармен жұмыс жүргізеді, мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек пен балалар жәрдемақыларын тағайындау жөніндегі комиссия жұмысын басқарады. Поселкедегі өткізілетін күнпарақтық іс шараларды дайындау мен өткізу бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүзеге асыру және жасау мәселелерін қадағалайды.   Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастырады.  Тұрғын үй алуға мұқтаж болған азаматтарды кезекке қою бойынша, мемлекеттік тұрғын үй қорынан  кезекте үй алуға тұрған азаматтарға тұрғын үй алуда қолдау жасау жұмыстарын жүргізеді. Поселкенің коммуналдық меншік қорының және коммуналдық меншікке табысталған мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары (білім саласында; құқық саласында; әлеуметтік ғылым экономика және бизнес саласында; ауылшаруашылық ғылымдар саласында;  техникалық ғылым және технологиялар саласында; қызмет саласында).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) C-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.**

      ** Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күн  ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) белгіленген нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған атқарған қызмет тізімі.

          Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылуы мүмкін.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің  5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

   Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша

 

___________________________

___________________________

        (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені__________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________ 

____________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________

__________________________________________________________________

 

   __________                                                   ____________________________________

         (қолы)                                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«____»_______________ 20__ ж.