Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Темекі тартудың алдын алу

Біздіңелімізде темекі тарту кеңінен таралған. Сонымен темекі тартатын адамдардың қатары көбінесе жасөспірім мен жастар есебімен толығады.

Темекі тартудан бас тартудың насихаты нақты ғылыми дәлелденген мәліметтерді енгізу керек, мысалы темекіні орташа тартатын (тәулігіне 1 пачка) адам тәуліктің аса көп бөлігін гипоксия (оттегінің жетіспеушілігі) жағдайында өткізеді, бұл ми жұмысын нашарлатады.   Бірнеше темекіден кейін  тіпті көптен темекі тартатын адамның өзінде жүрек соғуы, қан қысымы, қол дірілі  арта түседі, тері температурасы төмендеп, кейбір гармондардың деңгейі ұлғаяды. Темекі тартудың қысқа мерзімді әсері туралы  білу маңызды, ал оның аса көп зардаптары ешкімді тоқтатарлық емес, ал әлемде жол-көлік және әуе апаттарын бірге есептегеннен кейін, ішімдік пен нашақорлықтан гөрі осы темекі тартудан көп адам дүниеден өтетіндігінтемекіні тартуды қойдыратын маңызды аргументке санамайды. Өкіәнішке орай, темекіні қарапайым адамдар ғана емес, ғалымдар, мұғалімдер, тәрбиешілер, спортшылар, артистер, тіпті адам ағзасына никотин әсерінің зиянды зардаптарын басқаларға қарағанда жақсы білетін нарколог және онколог дәрігерлер де темекі тартады. Сондықтан темекіні тартуды қойдыру үшін темекінің зияндылығы туралы ақпараттың ғана болуы жеткіліксіз, оны іске асырудың  тәсілдері мен дағдылары болу қажет.

Темекі тартуды қоя алмайтын немесе, қойғысы келмейтін адамдарға қолданылатын темекі тартудың зияндылығын азайту тәсілдеріне темекі иісін зиянды құрамдардан түрлі тазарту түрлерін: фильтрлерді, «жеңіл» темекілердіпайдалану саналады, сондай-ақ тарту тереңдігін көбейтпеу маңызды. 

Ересек сияқты көріну үшін темекі тартатын балалар мен жасөспірімдерге темекі тартудан алатын зардаптарына назар аударған жөн. Сонымен қатар темекі тарту нашақорлықпен ұқсас: адамдар темекіні тартқысы келетіндіктен тартпайды, ол әдеттен арыла алмай, темекіні тастай алмағандықтан тартады.

Мектептерде темекінің зияны туралы арнайы сабақтар ұйымдастырылу қажет, мұнда жасөспірімдерге темекі тартуды бастау – жеңіл, ал бұдан әрі осы әдеттен арылу, темекіні қою қиын екендігін жеткізу қажет. Темекі тарта бастап, тәуелді болып қала бересін, өз денсаулығыңды біртіңдеп жоясың. Жасөспірімдер темекі тартпайтын адамдар өзін жақсы сезінетіндігін, олардың бет-әлпеті, денсаулығы, белсеңділігі ұзақ сақталатындығын  түсіне білу керек. Сондықтан баршамыз олардың темекі тартудан бас тартуын таңдау үшін көмек көрсетуіміз керек!