Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне

2017 жылғы 13 желтоқсанда «Өнер» ҚМО-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкеновтің қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.       

Қала әкімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі, адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл» мерекелік медалімен, «Екібастұз қаласының 60 жылдығы» мерекелік медалімен, Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасымен марапаттады, сондай-ақ алғыс хаттар жіберді. 

Мерекелік концерт Инновациялық Еуразиялық Университеті  Екібастұз колледжінің оқытушылары мен студенттерінен құралған хордың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды.