Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысының ХҚКО жылдың басынан бастап 165 мыңнан астам электрондық-цифрлық қолтаңбалар берді

Павлодар облысының ХҚКО статистикасына сәйкес 2017 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәліктерін беру және қайтарып алу» мемлекеттік қызметін алу үшін  өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 25 000 адам артық жүгінді.

 Павлодар облысы бойынша ХҚКО департаментінің директоры Жаннат Нұржауосаның айтуынша электрондық-цифрлық қолтаңба азаматтарға «электрондық үкімет» порталынан 700 жуық мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тұрақты негізде egov.kz   электрондық үкімет порталын әйгілеп отырады. Сонымен, ХҚКО барлық фронт-офистерінде «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда  біздің өңірдің 300 мыңнан астам азаматтары тегін кеңес көмегін және сонша адам өзбетінше  электрондық қызметтерді  алды. Осы сектордың ең басты мақсаты  тұрғындар арасында компьютерлік сауаттылықты жоғарлату болып табылатынын айта кеткім келеді. Біз келушілерді порталда Жеке кабинетке қалай тіркелу, онлайн режімінде мемлекеттік қызметті қалай  ресімдеу мен смартфон арқылы қызметті қалай алу  керектігін оқытамыз – дейді Нұржауова. Сондай-ақ директор ЭЦҚ болмаған жағдайда  SMS-хабарлама түрінде келетін біржолғы пароль бойынша алынатын  Egov.kz қызметтер тізімі бар екенін айтып өтті. Осылайша, соттылығы туралы, зейнетақы салымдары, жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалықтардың бар/жоқ екендігі туралы және т.б. анықтамаларға тапсырыс беруге болады.

           Қазіргі таңда, 746 мемлекеттік қызметтер тізілімінен 621 қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистер арқылы алуға болады, оның ішіндегі 400-ге жуық қызметтер «электрондық үкімет» порталында онлайн режімінде қолжетімді.